Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист 6 жылға сотталған Әлімбекованың қарызын өтеп беруді ұсынды

Опубликовано:

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы күні кеше алаяқтың ісі үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекованың қарызын өтеп беруді ұсынды деп жазады NUR.KZ.

Гауһар Әлімбекова, Бибігүл Дәулетбекқызы. Фото: журналистің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Гауһар Әлімбекова, Бибігүл Дәулетбекқызы. Фото: журналистің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Бұл жайында Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram парақшасында жазып, халық пен әншілерді бірігуге шақырды.

"Қазағымның аяулы қызы туралыны қазір естіп, есімнен танып қалғандай күй кешудемін. Қу ақша үшін 6 жылды беріпті. Мен Гауһарды өмірде талай рет кездестірдім. Менің бағдарламаларыма келіп те жүр. Аузын ашса көмейі көрінетін әнші. Дәл мынадай қарызын білгенде сол 40 мың долларды ел болып жинап берер едік қой.

Талай келіннің бетін ашқан, талай қызды "Ақ босаға" әнімен шығарып салған Гауһар Әлімбекованы осындай дәрежеге түсіріп, жарияға жар салып "алаяқ" деуге дәтім бармайды. Аңқылдаған әнші біреудің арбауына түсіп қалуы әбден мүмкін. Сенбеймін, сенгім де келмейді", - деген журналист әншілерді көмекке шақырды.

"Әншілер! Әріптестеріңе көмек қолын созыңыздар! Әрқайсыңыз бір тойыңыздың ақшасын берсеңіздер, кеміп қалмайсыздар", - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Айта кетейік, Гауһар Әлімбекованың соты Алматы қаласы, Алмалы ауданында өтті. Құрбысынан 40 мың АҚШ долларын алып, қайтармаған әнші 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776006-belgili-zurnalist-6-zylga-sottalgan-limbekovany-karyzyn-tep-berudi-syndy/

pixel