Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал сыншы "Опмай-опмай" әнін орындайтын жұлдыздарды сөгіп тастады

Опубликовано:

Қазақстандық сыншы Әмина Құрман қазіргі таңда хит болып тұрған "Опмай-опмай" әнін орындаған әнші жігіттерді тікелей эфирде сөгіп тастады. Олөзгенің әнін мазақ еткен әншілердің өз туындысы мүлде мағынасыз екенін ашық айтты деп жазады КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram, скриншот Коллаж: NUR.KZ.
Фото: Instagram, скриншот Коллаж: NUR.KZ.: Facebook

"Азия" мен "Бақай" тобы бұл ән арқылы өзге әріптестерінің шығармашылығын сынаған болатын.

Отандық бағдарламаға хит әннің қалай пайда болғаны туралы айтып келген жұлдыздар тікелей эфир барысында танымал сыншыдан оңбай сөз естіді.

"Музыка - құдыретті өнер. Осы өлеңді қалай шығарып отырғандарыңа қарап отырсам, ерігіп, бір-біріңің үйіңе бара салыпсыңдар.

"Не істейміз? Қайтеміз?" деген жағдайда шығара салғансыңдар. Өздерің өлеңнің мағынасыздығын сынап тұрсыңдар, ал өз өлеңдеріңнің сөзінде мағына болып тұр ма?

Неге сендерге танымал жақсы ақындар сөз жазбай қойды? Сендердің әндеріңе түгел қазақ халқы бас иіп тұрғанына сенімдісіңдер ме? Жоқ азғантай топ десеңдер бір сәрі.

Көңілдендіреміз, күлдіреміз дейсіңдер. Өзің сақ-сақ күле бересің, балам. Аспанда қазақтар үнемі күліп жүре береді дейсіңдер ме?

Сендердей азаматтар ойланып, толғанып, кереметтей жақсы музыка мен ән тудыратын кездерің емес пе? Қашаңғы осылай жүре бересіңдер?

Мына сөздердің мағынасына мән беретін кездерің жетті. Соны сынап тұрсыңдар. Алайда, өз алғандарыңда сөз жоқ дұрыс.

Бұл не деген бейберекеттік, не деген сұмдық?! Музыка деген поэзия. Оған поэтикалық көркемдік, образдылық, мағыналылық керек.

Әндеріңе күліп жүргендер - халықтың санасыз бөлігі. Қашан ойландыратындай, халық рухын көтеретін ән болады?" , - деді сыншы Әмина Құрман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776262-tanymal-synsy-opmaj-opmaj-nin-oryndajtyn-zldyzdardy-sgip-tastady/

pixel