Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоу-бизнес сылқымдары жүктілік кезінде жұбайларын қалай қинаған?

Опубликовано:

Қазақстандық эстрада жұлдыздары жүктілік уақытында жұбайларын әбден әуре-сарсаңға салған көрінеді. Бұл туралы қазақстандық әншілер "Ревю" бағдарламасына айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ НТК арнасы
Фото: Видеодан кадрлар/ НТК арнасы: Twitter

КешYou тобының экс-мүшесі Ақбота-нұр аяғы ауыр болған кезде жұбайы Дәурен Айдарқұловтан "үнді қарбызын" сұрапты.

"Бірінші баламда да, екінші баламда, менде шамалы 1-2 айдың көлемінде жеріктік болды. Жемістерге, қыстың кезінде қарбызға жерік болдым. Біз барлық қаланы аралап, "үнді қарбызын" әрең дегенде тапқан болатынбыз", - дейді әнші.

Алайда, тұңғышы үшін барын салған Ақботаның күйеуі екінші сәбиіне келгенде жалқаулық танытыпты.

"Екінші жүктілігімде тоғызыншы айға жақындағанда құлпынайға жерік болдым. Құлпынайды аламыз дегенше, менің босанатын мерзімім жақындап қалды. Солай босанып қалдым. Сол күйі жеген жоқпын", - дейді Айдарқұлова.

Тележүргізуші әрі әнші Аша Матай жүкті кезінде жерік болса да, жұбайының дегеніне көніп жүре бергенін алға тартты.

"Жерік болғанның өзінде Арманға хабарласқанда, Арман ертең алып келемін дейді. Сосын жарайды деп келісе салатынмын", - деді Аша.

Алайда Арманның айтуынша, Аша аяғы ауыр кезде әбден еркелеген.

"Жолда келе жатып, көшеде көлікте "Арман тоқташы, тоқташы" деп айтатын. Сөйтіп жолда бір нүктеден, бір нүктеге жетеміз дегенше тоқтап, ыңғайсыз болатын",- деді Қоңыров.

Ал аяғы ауыр бикештердің түрлі сезімдері әнші Динара Сұлтанға мүлде жат екен.

"Қызық, осы әйелдер "менде "гармонды өзгеріс" болып жатыр, мен жылаймын, мен күлемін, мен аяғым ауыр болғанда сондаймын" деген нәрселерді айтып жатады. Бірақ, менде ондай болған жоқ. Сондықтан шығар, мен осыншама баланы дүниеге әкеліп, өзімді жақсы сезінгенім", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776291-sou-biznes-sylkymdary-zktilik-kezinde-zbajlaryn-kalaj-kinagan/

pixel