Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсын Алагөзов ұлымен ара-қатынасы қиындап кеткенін ашып айтты

Опубликовано:

Елімізге белгілі продюсердің жұбайы Тұрсынғали Алагөзов балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтің "Шыны керек" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр, mail.kz, news.ivest.kz
Фото: Видеодан кадр, mail.kz, news.ivest.kz: Instagram

Алдымен Алагөзов өз өмірін талқылайтын жандар туралы ойын айтты.

"Адамдар менің жүрегім жоқ деп есептейтін шығар. Бірақ, барлығы емес. Адам біреу туралы айту үшін оның өмірін сүріп көруі керек. Ол біреудің өмірін тергейтін сот емес. Сол себепті, мен оны көргенсіздік деп білемін. Әрине, олардың жазуға құқығы бар", - деді Тұрсынғали Алагөзов.

Кәсіпкердің сөзінше, қазір оның ұлымен ара-қатынасы қиын.

"Балаларыма келер болсақ, қазір ұлыммен ара-қатынасымыз қиын. Ал қызыммен әлдеқайды жақсы. Олар ақыл-естері толыққан, есейген азаматтар. Мен барлығын уақыт еншісіне тапсырамын. Алдағы уақытта барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Мен бұл нәрсеге қалыпты қараймын", - деді Тұрсынғали.

Сондай-ақ, Алагөзов өзінің ойланып, мұңға бататын кездері көп болатынын жеткізді.

"Мен ол туралы айтпасам, мүлде ойламаймын деген сөз емес. Мен де адаммын ғой, мен де уайымдаймын. Кейде жаным ауырады. Бірақ, мен сонда да уақыт өткен соң бәрі орнына келетініне сенемін. Осы уақытқа дейін менен бұл туралы ешкім сұрамаған. Енді сұрады, мен жауап бердім", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777549-trsyn-alagzov-lymen-ara-katynasy-kiyndap-ketkenin-asyp-ajtty/

pixel