Жолдыбаеваның анасы 31 жасқа келген қызын тұрмысқа беруді армандап жүр
Опубликовано:
Биыл 31 жасқа толған Кәмшат Жолдыбаеваның анасы қызының жақын арада тұрмысқа шығып, балалы болғанын армандап жүр. Ол перзентінің болашағына қатысты ойларын өз сұхбатында ортаға салған. Алайда анасының тілегіне қарамастан, шоу-бизнес жұлдызы отбасылы болуға асығар емес деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Гүлнәр Жолдыбаева тұңғышының аяулы жар атанғанын арман етіп жүргенін жасырмай айтты.
"Ата-ананың тілегі мен арманы - өнері бір жағынан серіктес болса, қызымның жүрегін жүрегімен еститін, тыңдайтын әрі қасынан табылатын, қолдайтын, сыйлайтын өзіне лайық жан табылса деймін. Әрине ол менің үлкен тілегім" , - деді Жолдыбаеваның анасы.
Алайда Кәмшаттың өзі отбасылы болуға асықпайтын сыңайлы. Шоу-бизнес өкілінің бар назары өзінің жеке шығармашылығына аударылған. Әншінің түрлі дуэттері мен сан түрлі ашық образдары күн санап артуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779161-zoldybaevany-anasy-31-zaska-kelgen-kyzyn-trmyska-berudi-armandap-zr/