RU

"Альфонс жігіттің тағдыры": Бибігүл Дәулетбекқызы кітабын жарыққа шығарды

Кеше Алматыдағы қонаүйлердің бірінде танымал журналист әрі блогер Бибігүл Дәулетбекқызы ерекше кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Facebook

Өткір жазбаларымен еліміздің әлеуметтік саласындағы мәселелерді сынға алып, көптеген түйткілді жайттардың оңынан шешілуіне себепкер болған журналист өз кітабында қазақ қоғамындағы альфонс жігіттердің бетпердесін ашуға тырысқан.

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Twitter

«Альфонс жігіттің тағдыры» деп аталатын кітаптың тұсаукесерсіне саясаткер Амалбек Тшанов, белгілі ақын әрі журналист Жанарбек Әшімжан бастаған танымал тұлғалар мен Бибігүл Дәулетбекқызының әріптестері, оқырмандары жиналды.

Тұсаукесер барысында жақында ғана Бибігүл Дәулетбекқызының әлеуметтік желідегі жазбасынан соң үйлі болған көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталып, үш баласы газ балонының жарылысынан көз жұмған қызылордалық анаға 4,5 миллион теңгеден аса қаражат жиналғаны белгілі болды.

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Facebook

Кеш соңында еліміздің әр түкпірінен келген оқырмандар «Альфонс жігіттің тағдыры» деп аталатын кітап авторынан қолтаңба алуға асықты.

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Instagram

Кітаптың тұсаукесеріне 800-де аса адам жиналды. Ал тұсаукесер рәсімінде мыңға жуық кітап өз иесін тапқан. Әзірге, еліміздегі бірде-бір журналист мұндай көрсеткішпен мақтана алмайды.

Залға жиналған көпшілік моншада тұратын отбасының қуанышын бөлісіп, газ жарылысынан үш баласынан айырылған ананың қайғысына ортақтасты.

Тұсаукесер рәсімі мерекелік концертпен жалғасты.

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Instagram

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Twitter

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779196-alfons-zigitti-tagdyry-bibigl-duletbekkyzy-kitabyn-zarykka-sygardy/