Нұржан Керменбаев кішкентай ұлының тұсаукесерін өткізді (фото, видео)
Опубликовано:
"Қап-қарашка" атымен танылған отандық әнші Нұржан Керменбаев кенже баласы Омардың тұсаукесерін өткізді. Бұл жайында "Арнау" тобының әншісі Салтанат Бақаева Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

"Нұржан Керменбаевтың отбасында керемет той. Ұлы Омар бір жасқа толып жатыр. Алла ұзақ ғұмырды нәсіп етсін. Тойларың тойға ұлассын", - деп жазды Салтанат Бақаева.
Әнші ұлының бір жасқа толуына байланысты тұсаукесер тойын өткізген.
Омардың тұсауын Мұхамеджан Тазабек кесіп, сәбиге ақ батасын берді.
"Алла мынау Нұржанұлы Омарды тіл мен көзден, қауіп-қатерден, жаманшылықтан сақтап, қадамын ашық қылсын", - деді Мұхамеджан Тазабек.
Айта кетейік, Нұржан Керменбаевтың екі ұлы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779325-nrzan-kermenbaev-kiskentaj-lyny-tsaukeserin-tkizdi-foto-video/