Айжан Байзақованы домбырамен аңдыған жігіт айыппұл төлеуге мәжбүр болды
Опубликовано:
Айжан Байзақованы көшенің қақ ортасында қудалап, ортаңғы саусағын көрсеткен домбыралы жігіт істі болды. Атышулы ару Instagram парақшасында оның айыппұл төлеуге мәжбүр болғанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Байзақова тіпті жас жігіттің соңынан барып, оны суретке түсіріп алған. Ол ер адамның суретін Insta-stories-те жариялады.
"Бүгін бағдаршамда тұрған едім. Көлік ішінде балам мен анам бар. Жолды домбыра ұстаған жігіт кесіп өтіп, маған ортаңғы саусағын көрсетті. Егер көлікте балам болмағанда, мен оның сазайын тарттырар едім. Сондай-ақ ол мені қорлап, видео-үндеу түсірді. Жақындарыммен ақылдаса келе, еліміздің заңдарына сүйендім. Естеріңізде болса, мені бір балағат сөзім үшін қамауға алған.
Айтпақшы, ол сотқа да домбырамен келді. Өз түсініктемесінде де айтқан сөздерінен қайтпады. Нәтижесінде, 5 АЕК айыппұл төледі", - деп жазды Байзақова Instagram парақшасында.
Атышулы арудың бұл сөзін заңды өкілі Асқар Қаймақов та Facebook парақшасында растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779544-ajzan-bajzakovany-dombyramen-adygan-zigit-ajyppl-tleuge-mzbr-boldy/