Айжан Байзақованы домбырамен аңдыған жігіт айыппұл төлеуге мәжбүр болды

Опубликовано:

Айжан Байзақованы көшенің қақ ортасында қудалап, ортаңғы саусағын көрсеткен домбыралы жігіт істі болды. Атышулы ару Instagram парақшасында оның айыппұл төлеуге мәжбүр болғанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Айжан Байзақова. Фото: krasiivye.kz, Асқар Қаймақов Facebook парақшасы. Коллаж: NUR.KZ
Айжан Байзақова. Фото: krasiivye.kz, Асқар Қаймақов Facebook парақшасы. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Байзақова тіпті жас жігіттің соңынан барып, оны суретке түсіріп алған. Ол ер адамның суретін Insta-stories-те жариялады.

"Бүгін бағдаршамда тұрған едім. Көлік ішінде балам мен анам бар. Жолды домбыра ұстаған жігіт кесіп өтіп, маған ортаңғы саусағын көрсетті. Егер көлікте балам болмағанда, мен оның сазайын тарттырар едім. Сондай-ақ ол мені қорлап, видео-үндеу түсірді. Жақындарыммен ақылдаса келе, еліміздің заңдарына сүйендім. Естеріңізде болса, мені бір балағат сөзім үшін қамауға алған.
Айтпақшы, ол сотқа да домбырамен келді. Өз түсініктемесінде де айтқан сөздерінен қайтпады. Нәтижесінде, 5 АЕК айыппұл төледі", - деп жазды Байзақова Instagram парақшасында.

Атышулы арудың бұл сөзін заңды өкілі Асқар Қаймақов та Facebook парақшасында растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779544-ajzan-bajzakovany-dombyramen-adygan-zigit-ajyppl-tleuge-mzbr-boldy/

jitsu gif