Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі әйелдің көңілін табу қиын": Жанболат пен Жазираның Айқынға жаны ашыды

Опубликовано:

Жазира Байырбекова бұрынғы "КешYou" әншісіне үйленген әріптесінің жұбайларын шатастырып алды. Айқынның әйеліне арнап клип түсіргенін естіген Жазира мен Жанболат әншінің алғашқы жұбайына оңай соқпайтынын ашып айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жанболат пен Жазира, Айқын мен Жұлдыз. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Жанболат пен Жазира, Айқын мен Жұлдыз. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Айқын бірінші әйелін бейнебаянға түсіріп жатса, ол - әйеліне деген құрметі деп ойлаймын.

Өйткені, Айқынды танымал болмай тұрып білген, осы күнге дейін барлық қуаныш пен қиыншылықты бөлісіп келген сүйген жары.

Оның үстіне Айқынға тәп-тәтті ұл мен қыз сыйлап отыр. Кез-келген адам өзін ол әйелдің орнына қойып көрсе, түсінеді деп ойлаймын", - деді Айқынның әйелдерін шатастырған Жазира Байырбекова.

Өзінің шатасқанын түсінген Жазира Байырбекова Жұлдыздың клипке түсуіне қатысты пікірін де жасырмай айтып берді.

"Жұлдыз өнер адамы болған соң түсіруге тура келеді деп ойлаймын. Екеуінің бірге айтатын әндері бар. Жұлдыздың жарыққа шығуына қолғабыс етіп отырған Айқын өзінің ер азаматқа тән міндетін орындап отыр деп ойлаймын", - деді Жазира.

Ал Жазираның жұбайы Жанболат Айқынға оңай соқпайтынын жеткізді.

"Айқын мен Жұлдызға сырт көзбен қарап, жаның ашиды. Өзінің бірінші отбасы бар. Екіншісі тағы бар. "Ана келін ренжіп жатыр ма екен" деп қарайсың ғой. Бір-бірін түсінгесін түсіріп жатыр ғой. Айқынға да екі әйелдің көңілін табу оңай емес қой", - дейді Жанболат.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын "Кешьюдің" бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиді екінші әйелі қылып алды. Қос өнер иесінің бүгінгі таңда бір ұлдары бар. Қазіргі уақытта Жұлдыз Өмірғали екінші сәбиін күтіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779697-eki-jeldi-kilin-tabu-kiyn-zanbolat-pen-zazirany-ajkynga-zany-asydy/

pixel