RU

Атақты "Super Star KZ" жобасының қатысушылары қазір қайда жүр?

2000 жылдардың басында қазақстандықтар арасында кеңінен танымал болған жобалардың қатарында атақты "Super Star KZ" жобасы болды. Жас әншілер әділқазы алқаларын бірінен-соң бірі таңдай қақтырып, кейін содан шыққан жұлдыздар халықтың сүйікті әншілерін айналған еді. Атақты мегажоба қатысушылары мен жеңімпаздары қазір қайда жүр? NUR.KZ назарларыңызға "Super Star KZ" қатысушылары туралы аз-кем ақпарат ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Мегажобаның алғашқы жеңімпазы белгілі әнші – Алмас Кішкенбаев болды. Жас өнерпаз әділқазы алқаларын таңдай қақтырып, байқаудың ақтық сынына дейін өткен еді. Байқаудың соңғы күнінде ол Роман Киммен бірінші орынға таласты. Бүгінде Алмас Кішкенбаев қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналып отыр.

Фото: altai.kz
Фото: altai.kz: Facebook

Айта кетерлігі, дәл осы бірінші маусымда танымал әншілер Мақпал Исабекова мен Айқын Төлепберген, Роман Ким, Әсем Жакетаева сынды есімі елге белгілі әншілер өнер көрсеткен еді.

Фото: allinfo.kz
Фото: allinfo.kz: UGC

Фото: Yvision
Фото: Yvision: Facebook

Фото: last.fm
Фото: last.fm: Facebook

Фото: np.kz
Фото: np.kz: Facebook

Жобаның екінші маусымының жеңімпазы болып шымкенттік Қайрат Түнтеков танылды. Ол ақтық сында Әлішер Кәрімовты басып озған еді. Мега шоудың екінші маусымында Мөлдір Әуелбекова, Ермек Меденов сынды әншілер өнер көрсеткен еді. Олардың әрқайсысы бүгінде жеке орындаушы ретінде танылып үлгерді.

Фото: YouTube
Фото: YouTube: Facebook

Фото: toiduman.kz
Фото: toiduman.kz: Facebook

Фото: star.kz
Фото: star.kz: Facebook

Фото: YouTube
Фото: YouTube: Facebook

"Super Star KZ" жобасының үшінші маусымының жеңімпазы, бәріне "Қап-қарашка" есімімен танылған Нұржан Керменбаев болды. Жобаның бұл кезеңінде Ринат Малцагов, Евгений Гартунг сынды өнерпаздан бақ сынаған еді. Бүгінде Нұржан Керменбаев қазақ эстрадасында өзіндік жолы бар әншіге айналды.

Фото: Yvision
Фото: Yvision: Twitter

Фото: pavlodarnews.kz
Фото: pavlodarnews.kz: Twitter

Фото: alau.tv
Фото: alau.tv: Facebook

Мега жобаның соңғы маусымында Олег Керазиннің бағы жанды. Айта кетерлігі, бұл маусымда ресейлік "M Band" тобының орындаушысы Анатолий Цой де қатысқан еді.

Фото: Yandex.uz
Фото: Yandex.uz: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780168-atakty-super-star-kz-zobasyny-katysusylary-kazir-kajda-zr/