Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күллі әлем көз тіккен "Оскар-2019" жеңімпаздары анықталды (фото)

Опубликовано:

Бүгін 25 ақпан күні АҚШ-та "Оскар-2019" марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Салтанатты шарада биылғы жылдың кино саласындағы үздіктері деп хабарлайды NUR.KZ.

"Оскардың" "Ең үздік фильм" номинациясын Питер Фарреллидің режисерлігімен түсірілген "Зеленая книга" иемденді.

Ал "Ең үздік ер адам рөлі" статуэткасы "Богемская рапсодия" фильміндегі Фредди Меркури рөлі үшін Рами Малекқа бұйырды.

"Ең үздік әйел рөлін" "Фаворитка" фильмінде басты рөлді сомдаған Оливия Колман алды.

"Ең үздік режиссер" атағын "Рома" лентасының жетекшісі Альфонсо Куарон иемденді.

Сондай-ақ, "Үздік қысқаметражды анимациялық фильм" номинациясын Pixar студиясы түсірген "Баоға" бұйырды.

"Қысқаметражды документалды фильмнің" статуэткасын 25 минуттық "Точка. Конец предложения" иеленді.

"Ең үздік визуалды әсерлер" - "Человек на луне" драмасы;

"Ең үздік қысқаметражды ойынды фильм" - "Кожа";

"Ең үздік бейімделген сценарий" - "Черный клановец";

"Ең үздік түпнұсқа сценарий" - "Зеленая книга" фильміндегі Питер Фаррелли, Ник Валлелонге, Брайан Карри;

"Екінші рөлді үздік актер" - "Зеленая книга" Махершала Али;

"Фильмдегі ең үздік әуен" - "Черная пантера" фильміндегі швед композиторы Людвиг Йоранссонның әуені;

"Фильмдегі ең үздік ән" - "Звезда родилась" фильміндегі Shallow. Әннің сөзі мен әуенін жазғандар: Леди Гага, Марк Ронсон, Энтони Россомандо, Эндрю Уайатт. 

Айта кетейік, "Оскар-2019" салтантты шарасында ерекше стилімен жұртты таңғалдырған әлем жұлдыздары жайлы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780384-klli-lem-kz-tikken-oskar-2019-zeimpazdary-anyktaldy-foto/

pixel