jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    30 жасқа толған Қайрат Нұртас туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

    : Instagram

    Қайрат Нұртас жақындары мен әріптестерінің арасында 30 жасқа толған туған күнін атап өтті. Алматының "Ritz Carlton" қонақ үйіндегі қымбат мейрамханада өткен әншінің қуанышына шоу-бизнес өкілдері түгелдей дерлік жиналған деп жазады NUR.KZ.

    Олардың арасында "Музарт" тобы мен Серікбол Сайлаубек, Айқын келіншегі Жұлдызбен, Мәдина Сәдуақасова отбасымен, Ғазизхан Шекербеков, Сиви Махмуди анасымен, Шаһизада, Төреғали бар.

    Әншілердің барлығы хитменнің туған күнінен түсірілген фото мен видеоларды желіге жарыса жүктеуде.

    Айта кетейік, Қайрат туған күнінде жұбайы Жұлдызбен бірге қайта торт кескен.

    Қайрат Нұртастың өзі мұны 13 жыл бұрынғы үйленген кезімен салыстырды.

    Хитменнің тойына жиналған шоу-бизнес өкілдерінің барлығы Қайрат Нұртасқа жүрекжарды лебізін жолдап, көңіл көтерген.

    Сондай-ақ Қайраттың інілері Аян мен Заңғар ағасына су жаңа көліктің кілтін табыс етті.

    Естеріңізге сала кетейік, 30 жасқа толған Қайрат Нұртастың бүгінде екі ұл, екі қызы бар. Әнші 18 жасында Жұлдыз Әбдікәрімовамен шаңырақ көтерген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.