Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бота Нұрсейітова күйеуімен ажырасуы туралы шындықты баяндады

Опубликовано:

Бота Нұрсейітова жақында ғана күйеуімен ажырасып кеткенін мойындап, жұртты таңғалдырған болатын. Аса ауыр кезеңді басынан өткерген ару жолдасымен не себепті айырылысып кеткенін, бүгінде бұрнығы күйеуімен қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты деп жазады vintage.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық танымал модель ажырасқан соң, екі баласымен бірге Алматыға қайтып келген.

Бойжеткен жолдасымен арақатынасы оның жұмыс істей бастаған сәтінен суып кеткенін жеткізді. Нұрсейітованың сөзінше, отағасының жұмысқа тұрғанына тек бір жылдың көлемі болған. Сол аралықта ол өз жарының көзіне шөп сала бастаған.

"Жолдасымның жұмыс істей бастағанына тек қана бір жарым жыл болды. Бұған дейін бізді қаржымен толықтай ата-енем қамтамасыз етіп отырды" , - деді Бота Нұрсейітова.

Екі баланың анасы күйеуімен арада орын алған оқиғада ата-енесі өзіне толықтай қолдау білдіргенін айтты. Олар бұл жағдайда туған ұлын емес, қызындай болып кеткен келінің жақтаған.

"Ол кісілермен қарым-қатынасым әлі де сол қалпы жақсы. Мен үнемі оларды туғанымдай көретін боламын. Сол бұрынғыша сыйластықпен қараймын. Шыны керек біршама уақыт өтті. Мен жолдасыма да жаманшылық тілемеймін. Балаларым үшін онымен дос болуға да дайынмын. Алайда, оның қарым-қатынасы маған әлі де түсініксіз.
Біз өте сирек сөйлесіп тұрамыз. Алматыға балаларға келгенде ғана хабарласамыз. Ал былай еш себепсіз сөйлесу бізде жоқ. Балалрдың қалың білу үшін соңғы айларда бір рет қана қоңырау шалған шығар" , - дейді ол.

Оған қоса, Бота Нұрсейітова жолдасының көңілдестеріне қатысты пікірін айтты.

"Ол менің көзіме шөп салып, кіммен кездесіп жүргенін білгенде оны мүлде танымай қалдым. Себебі, мен оның басқа біреуі бар екенін білгенде бір хас сұлулар болар, менен асып түсетін сылқымдар шығар деп ойладым. Алайда, мен олардың суреттерін көргенімде, сөзімді қайтып алдым. Мен күйеуімнің таңдауы мұндай қыздарға түскеніне қатты таңғалдым" , - дейді модель.

Танымал ару бұған өзінде ажырасып кетемін деген ой мүлде болмағанын алға тартты. Тағдыры осылайша өзгеріп кеткен Бота Нұрсейітова әлі де махаббатын кезіктіретініне сенімді. Ол некеде болған әйелдердің де өз бақытын табуға әбден лайықты екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781139-bota-nrsejitova-kjeuimen-azyrasuy-turaly-syndykty-baandady/

pixel