Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ұлына теріс пікір білдірген отандастарына жауап берді

Опубликовано:

Қанат пен Света Айтбаевтар "Қарақатпен шай" бағдарламасына келіп, ұлына теріс пікір білдірген адамдарға деген көзқарасын ашық айтты. Қарақат Әбілдина Димаш Құдайбергеннің ата-анасына елді алаңдатқан сан сауалды жолдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Димаштың ата-анасына: "Дүние жүзі мойындап жатқан Димашты кезінде өнердегі ағалары сынға алғаны бар. "Шыңғырып ән айту өнер емес" деп пікір білдірген. Сол ағалардың сөздерін сіздер қалай қабылдадыңыздар? Димаш қалай қабылдады? Ол кісілермен араларыңыз жақсы ма?", - деп сауал қойған.

Ал Қанат пен Света Айтбаевтар мұндай сауалдарға мән бермейтінін жеткізді.

"Жалпы біреу туралы айтқан сіздің пікіріңіз ол адамның қандай адам екенін емес, сіздің деңгейіңізді айқындайды", - дейді Қанат Айтбаев.

Ал Света Айтбаеваның айтуынша, сол сәтте Димашқа сауатты пікір айтатын маман болмаған.

"Мен жүрегіме жақын алған жоқпын. Егер сол жерде Димаштың дауысына, диапазонына, дауыс аппаратына қатысты сауатты пікір айтатын адам болса, алғыстан басқа айтарымыз болмас еді. Егер вокалдың майын ішкен мықты вокалист мұғалім болса, әнші болса, Бибігүл апамыз секілді таза шеберлер пікір айтып, ескерту жасаса, біз қорыққан болар едік.
Вокалдан, ән айтудан тіпті дыбыс резонаторының қандай екенінен хабары жоқ, білімі жоқ адамдардың айтқаны онша қорқынышты емес", - дейді Димаштың анасы.

Сондай-ақ Димаштың ата-анасы кезінде ұлдарына "аталмыш бағдарламаға қатыспай-ақ қой" деп айтқандарын да жасырмады.

"Осы хабарға шақырған кезде мен оған дәл осылай болатынын айтқан болатынмын. Бірақ Димаш "Мен уәде беріп қойдым. Ұят болады. Сөзімді жұтпай, барып қайтайын" деп айтты. Осы бағдарлама шыққанға дейін Димаш "Жас қанат" республикалық байқауында бас жүлде алған еді.
Төлеген Мұхаммеджанов, Абзал Мұхитденов, Нұржамал Үсенбаева секілді апаларынан жақсы баға алып, Украинадағы "Славян базары" байқауына барып, 28 мемлекеттен қатысқан кәсіби әншілердің арасынан бірінші орын алды. "Славян базарына" елдің атынан қатысып, 24 жылдың ішінде Орта Азия қатысушыларының арасында бас жүлдеге ие болды. Осының бәріне барып, елге келгенде осындай баға алды", - деді Қанат Айтбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783069-dimas-kdajbergenni-ata-anasy-lyna-teris-pikir-bildirgen-otandastaryna-zauap-berdi/

pixel