Іш киіммен эротикалық видеоға түскен Әсел Асқар елдің ашуын тудырды (видео)
Жарияланған күні:
Танымал әнші Бүркіттің қарындасы тағы да желі қолданушылардың сынына қалды. Әсел Асқар бұл жолы желіге іш киіммен түскен видеосын жариялағаны үшін сөз естіген. Поэзия оқып танылған арудың төсін айқара ашып, жалаңаш денесін ел назарына ұсынғаны көпшіліктің ашуын тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әсел Асқардың Instagram парақшасына жүктеген видео оқырмандар арасында аса қызу талқыға түсті.
Дауға қалған бейнежазбаға танымал бикеш іш киіммен түсіп, орысша өлең шумақтарын оқыған.
Желідегілер бірден Бүркіттің қарындасын сынға алып, оның образына қатысты не ойлайтынын ашық түрде жазды.
Олар жас ананың ел алдына мұндай күйде шығуын тым ерсі қылық деп тапқан секілді.
"Ұят, масқара. Сені де ана дейді ғой", "Ел көңілі мен назарын қалай аудартарын білмей жүргеннің ісі бұл" , "Видеоға түсіп жатқан мына қыз. Онда неге мен ұялып отырмын?" , "Өз-өзіңді жоғалттың сен, Әсел. Бұрында поэзиямен жүрек тербетер жан едің. Енді болса, әрбір видеоң жалаңаш күйде" , "Өз деңгейіңді көрсеттің, сөз жоқ" , "Бүркіт аға, қарындасыңыздың көкіректен басқа көрсететін нәрсесі қалмады. Ағасы ретінде неге тыймайсыз?" , "Бір күні ұятсыз фильмге түсті деп жатса да таңғалмайтын болдық қой" , - деп жазды оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783395-is-kiimmen-erotikalyk-videoga-tsken-sel-askar-eldi-asuyn-tudyrdy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.