Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мас па?": Сахнада әнді мазақ еткен Кентал жұрттың ашуын тудырды

Опубликовано:

Отандық бағдарламалардың бірінде Серікбол Сайлаубектің "Ой, жеңге" әнін орындаған Кентал жұрттың ашуын тудырды. Сахнада әнді мазақ еткендей болған әншіні желі қолданушылары аяусыз сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Әлеуметтік желіде тараған бағдарлама үзіндісі көптің көңілінен шықпай қалған. Себебі, желі қолданушылары Серікбол Сайлаубектің әнін орындаған Кенталға ашуланған.

"Бір-бірін мазақтап жатыр ма? Ұят емес пе?", "Бұл кім өзі?", "Тым болмаса, сөзін жаттаса болар еді ғой", "Даусы мүлде жоқ", "Сахнаны қорлап ән айтудың қажеті жоқ сияқты", "Шегіп алған ба, әлде мас па?" , "Негізі жақсы әнші, бірақ мына жерде қуды" деп жазған олар.

Ал Кенталдың өзі әнді "Ласковый май" тобы сияқты айтқанын түсіндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1784454-mas-pa-sahnada-ndi-mazak-etken-kental-zrtty-asuyn-tudyrdy/

pixel