Қожалар жайлы айтып, аузы күйген Әбдіжаппар Әлқожа үндеу жолдады (видео)
Жарияланған күні:
Осыдан біраз уақыт бұрын "31" арнаның "Өнер мен өмір" бағдарламасында қожалар жайлы айтқан Әбдіжаппар Әлқожаның басы дауға қалды. Желідегі шудан кейін әнші өз әрекетіне түсініктеме беріп, көпшілікке видео-үндеу жолдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әнші видео-үндеуінде қазаққа тіл тигізгісі келмегенін, өзіне қойылған сұрақтың ру жайлы болғанын жеткізді.
"Кешегі басталған дау-дамайға өзімнің пікірімді айтқым келеді. "Өнер мен өнер" бағдарламасында негізі сұрақ қойылған болатын. "Қожалар қожалардан ғана алады деген бар ғой. Қазір бұзылды ма?" деген сөзге өзім жауап берген болатынмын. Қожалардың арғы жағын айтып келіп, қазақпен біте қайнасып, қазақтың қожасы болғанын, елімізде осылай жүргенін айтқым келген.
Мен қожаның баласы болғаннан кейін, оның үстіне түрімді де "Сен қазаққа ұқсамайсың", "Сен өзбексің бе, сен түріксің ба?" деп айтады. Сол бір сөздерден қашу үшін "Мен қазақтың баласымын" дегенді дәлелдеу үшін айтылған сөз еді.
Мен қазақтың баласымын! Мен қазақтың ортасында біте қайнасып, кішкентай өнерден бақ тапсам, осы қазақ халқының қолдауының арқасында, демеуінің арқасында Әбдіжаппар болып жүрмін. Сондықтан да бұл жерде үлкен түсініспеушілік. Мен сіздерсіз ешкім емеспін. Мен қазақты ешқашан жек көрмегем", - деп ағынан жарылды әнші видео-үндеуінде.
Естеріңізге сала кетейік, әнші "Өнер мен өмір" бағдарламасында қожалар жайлы айтқан болатын.
Осыдан кейін Әбдіжаппар Әлқожаның айтқаны желіде қызу талқыға түсіп, белгілі заңгер әншіні жауапқа тарту керектігін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786212-kozalar-zajly-ajtyp-auzy-kjgen-bdizappar-lkoza-ndeu-zoldady-video/