Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман сүйіктісі барын мойындады

Жарияланған күні:

Танымал тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман "Қарақатпен шай" бағдарламасында сүйіктісі бар екенін айтты. Алайда олар әлі отбасын құруға шешім қабылдамаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Құрман жеке өміріне қатысты бұған дейін ешкімге тіс жармаған мәліметтермен бөлісті.

Белгілі әншімен сұқбат кезінде сүйіктісінің өзінен кіші еместігін айтып қалған тележүргізуші оның шынайы жасын жария етуден бас тартты.

"Бала-шағам жоқ, бірақ өмірлік серігім бар десек болады. Кәдімгі бірге тіл табысқан, ойымыз бір жерден шығатын көңіліміз де бір жерден шығатын, бір-бірімізді қолдап демейтін азамат бар. Ол міндетті түрде болу керек. Ол азамат бар. Өнер адамы емес.
Әрқайсымыздың тұрғын үйіміз бар. Бірақ басымыздың бір жерде тоғысатыны жиірек, көп болады. Шайды көбіне бірге ішеміз. Мені жасандылығы жоқтығымен баурады.
Бастапқыда таныстығымыз жай таныстық болды. Араласып сөйлестік, ұнату болды. Кейіннен бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Уақыт өте келе сезім де пайда болды. Мен мұндайға сенбейтінмін. Төрт-бес жылдың ішінде жақсы араласамыз. Менен кішкентай емес. Соны ғана айта салайын, қалған дүние құпия болып қала берсін. Бірақ менімен жарасқан. Ортам біледі ғой, бізден ешқандай кемшілік көріп тұрған жоқ, керісінше бағалайды" , - деді тележүргізуші.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Құрман не себепті отбасын құруға асықпай жүргенін де атап өтті.

"Болашақ жарым деп нақты жүз пайыз айтпай-ақ қояйын. Себебі, шешімін таппай жүрген бірнеше фактор бар. Олар шешіліп жатса, міндетті түрде үйленерміз. Менің ойымша, бір жылдың көлемінде шешілетін дүние. Бірақ барлығы менің қолымда емес.
Әзірге ата-анамнан рұқсат сұраған жоқпыз. Рұқсатын берді деп те айта алмаймын. Ол деңгейге келген жоқпыз. Негізгі мәселе осы жерде болып тұр ғой. Мен түсінбедім, көп жағдайда ата-анаммен ойымыз бір жерден шығатын негізі. Дәл осыған келгенде түсініспеушілік орын алды. Екеуінің тарапынан демей-ақ қояйын, біреуінің ғана. Оның не себепті екенін айта алмаймын" , - деп қайырды Нұрсұлтан Құрман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787619-tanymal-telezrgizusi-nrsltan-krman-sjiktisi-baryn-mojyndady/