jitsu gif branding logo appbranding logo app

Өзге ұлттан әйел алған отандық шоу-бизнес өкілдері кімдер? (фото)

: Instagram

Махаббат жасқа да, ұлтқа да қарамайды. Осындай қағиданы ұстанатын қазақстандық әншілердің ішінде біршамасы өзге ұлт өкілдерін өмірлік жарлары етіп алған. KAZ.NUR.KZ өзге ұлт өкіліне үйленген отандық шоу-бизнес жұлдыздарын назарларыңызға ұсынады.

Сейфуллин Жолбарыс, Бүркіт пен Аиша, Батырхан шүкенов отбасымен. Фото: Әншілердің жеке парақшасы, starhit.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Сейфуллин Жолбарыс, Бүркіт пен Аиша, Батырхан шүкенов отбасымен. Фото: Әншілердің жеке парақшасы, starhit.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Олардың қатарында Бүркіт пен Сейфуллин Жолбарыс, Батырхан Шүкенов бар.

Бүркіт пен Аиша

Бүркіттің келіншегі Аиша - өзбек ұлтының қызы (ред: анасы орыс ұлтынан). Бүркіттің өзі бұл туралы бір сұхбатында жасырмай айтқан болатын. Бауырлас халықтардың перзенттері бас қосып, бүгінде шекесі торсықтай екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Сейфуллин Жолбарыс

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың екінші жұбайы орыс ұлтының өкілі. Есімі - Екатерина Лилуя. Олар бүгінгі таңда екі қыз тәрбиелеп отыр.

Батырхан Шүкенов отбасымен. Фото:starhit.ru
Батырхан Шүкенов отбасымен. Фото:starhit.ru: Instagram

Батырхан Шүкенов

Батырхан Шүкеновтің жеке өмірі жайлы оның көзі тірісінде көп айтыла бермейтін. Бірақ әнші дүниеден өткеннен кейін, оның әйелі Екатерина Шелякова мен ұлы Мақсұтқа қатысты ақпараттардың барлығы елге жария болды.

Жұбаныш Жексенұлының баласы

Сондай-ақ бұл тізімге Жұбаныш Жексенұлының өнер әлеміне енді қадам басқан ұлын да қосуға болады. Әншінің ұлы Әбілқайыр итальян қызымен шаңырақ көтерген болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.