Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболхан Шарапов: Пәктігін сатқысы келген қызды оқудан шығарып жіберген (видео)

Жарияланған күні:

Отандық танымал әзілкеш осыдан бірнеше күн бұрын белгілі бағдарламаға келіп, пәктігін 2 млн теңгеге саудалаған қазақ қызын оқуыдан шығарып жібергенін мәлімдеді. 19 жастағы Айнұр Жәнібекова бар шындықты Нұрболхан Шараповқа өзі айтып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Жәнібекова. Фото: "Өз ойым" бағдарламасынан кадр
Айнұр Жәнібекова. Фото: "Өз ойым" бағдарламасынан кадр: Instagram

Әзілкештің жазбасына сүйенсек, ол айрықша хабарландыруымен елді дүр сілкіндірген қызбен сөйлесіп, шындыққа көз жеткізген.

"Кешегi бағдарламада кейiпкер болған қыз Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттің студенті. Есiмi - Айнұр. "Қазақ қызы қалайша арын аукционға салатындай дәрежеге түстi" деп, ол қыздың ата-анасымен тiлдесу үшiн немесе өзiмен сөйлесу үшiн телефон нөмірiн iздестердiм.

Таптым. Сөйлестiм. Сондағы бар шындық видеода. Қаршадай қыздың аңқаулығын пайдаланып, басқа да уәделердi тiзiп тұрып, алдап соққан ғой шiркiндi.

Ендi, обалы не керек, Айнұрды оқуынан шығарып жiберiптi. Ата-анасының ағайынға қарайтын бетi жоқ.

Осыдан кейiн қара басқан қарындасымыз қара жердi қалай басып жүрмек. Құрметтi, Айнұрдың туыстары! Өз қыздарыңызға кешiрiммен қараңыздар. Ақ - қарасын ажыратып берiңiздер. Жөнге салыңыздар", - дейді әзілкеш.

Сондай-ақ, Нұрболхан Шарапов аталмыш ЖОО-ның ректорына да өтініш жасаған.

"Қадiрлi, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттiң ректоры, Тахир Оспанұлы, Айнұрдың балалығын, шалалығын кешiрiп, оқуын әрмен қарай жалғастырып, қайта қалпына келтiрiп беруiңiздi сұраймын. Сүрiнген қазақтың бiр қызына сүйеу болыңыз!
Айналайын, Айнұр қарындасым! Жаңылған екенсiң шекеңе тиген шығар. Хайпталам деп, айыпталып қалдың. Айтарым, арыңды сатпа! Барыңды сақта", - деп жазды әзілкеш.

Осы мәселе бойынша Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіне KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарласқанымен, білім ордасының мамандары бұл сұраққа жауап бере алмады. Университет басшысының көмекшісі де, "Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты" жөніндегі департаменті директорының орынбасары Қазына Асанқызы да жауапты өзге әріптестерінен сұрау керектігін айтты. Алайда, бұл сұраққа тиісті мамандардан жауап алу мүмкін болмады.

Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Жәнібекованың пәктігін 2 млн теңгеге бағалаған мәлімдемесі елдің ашуын тудырып, қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788021-nrbolhan-sarapov-pktigin-satkysy-kelgen-kyzdy-okudan-sygaryp-zibergen-video/