Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Сәдуақасова пәтерін заңсыз иемденген сүйіктісі жайлы шындықты айтты

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова алғаш рет пәтерін заңсыз иемденіп алған сүйіктісі жайлы ашып айтты. Актриса Тимур Балымбетовтің "Если честно" бағдарламасында жеке өмірінің көпшілікке беймәлім қырларын ашты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса бағдарлама барысында 2013 жылы басынан өткерген жайтты да баяндап берген.

Осыған дейін мәлім болғандай, бұрынғы күйеу жігіті Асылжан Рақышев әншінің сеніміне кіріп, жалған құжаттар жасау арқылы оның екі үйі мен автокөлігін өзіне рәсімдеп алған көрінеді.

"Менен көбісі "Неге тұрмысқа шықпайсың?" деп сұрайды. Егер мен кездесетін адам менің мүмкіндіктерімді шектесе, қалай тұрмысқа шығамын? "Сен енді үйде отырасың. Маған сенің шоу-бизнесің ұнамайды. Сосын "кино" десе, мен "Қалай?" деп таңғаламын. Одан кейін мен тіпті дұрыстап табыс таба алмайтын боламын.

25 жасымда мен шоу-бизнестен жарты жылға кетіп қалдым. Сөйтіп, қалтамда 1000 теңге ғана болды. Мен әлгі жігітімді сонша жақсы көріп, жалынатынмын. Онымен әлі күнге соттасып жатырмыз. Жеті жылдан бері. Бірақ ол 2,5 жылдан бері темір торда. Ол жайлы айта берсем өте көп.

Сол кезде мен өзімнен де бас тартқанмын. Бұл маған үлкен сабақ болды. Пәтерге қатысты жағдай орын алды. Сол кезде мен ештеңеден бас тартуға болмайтынын түсіндім", - дейді жан сырымен бөліскен Әсел Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788207-sel-sduakasova-pterin-zasyz-iemdengen-sjiktisi-zajly-syndykty-ajtty/

pixel