"Қазақстан аруы" байқауына қатысатын қыздардың есімдері белгілі болды (фото, видео)
Опубликовано:
Қазақстан қалаларында сұлулық байқаулары өз мәресіне жетіп, "Қазақстан аруына" қатысатын қыздар анықталды. Бұл додада 31 ару бақ сынайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нәтижелер туралы ақпарат байқаудың Instagram желісіндегі misskazakhstan_official парақшасында жарияланды.
Ұйымдастырушылар "Қазақстан аруы" байқауында бақ сынайтын аруларды көрсетіп, толық видео даярлаған.
"Қазақстан аруы" ұлттық байқауының 31 финалисі. Ақтық сын Нұр-Сұлтанда, Номад-Холлда өтеді",- делінген жазбада.
Қазақстанның ең сұлу қыздары бірнеше күннен соң ақтық сынға дайындалу үшін елордаға келеді.
"Орал аруы-2019" жеңімпазы 17 жастағы Эмилия Гусманова.
"Алматы аруы-2019" байқауының жеңімпазы Диана Әбішева.
"Талдықорған аруы-2019" байқауының жеңімпазы Абылай Әдемі.
"Атырау аруы-2019" жеңімпазы Асылжан Нұралина.
"Семей аруы-2019" жеңімпазы 19 жастағы Диана Бақтиярқызы.
"Қызылорда - 2019" жеңімпазы 16 жастағы Камила Серікбай.
"Петропавл аруы-2019" жеңімпазы 20 жастағы ару Анара Кәкімова.
"Теміртау аруы-2019" жеңімпазы 18 жастағы Елизавета Максимова.
"Көкшетау аруы-2019" жеңімпазы 19 жастағы Айдана Болат.
"Тараз аруы-2019" жеңімпазы 17 жастағы Дария Кенчібаева.
"Жезқазған аруы-2019" жеңімпазы 18 жастағы Арайлым Хамитова.
"Ақтөбе аруы-2019" жеңімпазы 22 жастағы Гүлбану Әбішева.
"Өскемен аруы-2019" жеңімпазы 19 жастағы Тахмина Увазырова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788409-kazakstan-aruy-bajkauyna-katysatyn-kyzdardy-esimderi-belgili-boldy-foto-video/