"Hype-тамаңдар": Хейтерлерге ән арнаған Әбдіжаппардың масқарасы шықты
Жарияланған күні:
Қожалар жайлы "шындықты" айтамын деп басы дауға қалған Әбдіжаппар Әлқожа хейтерлерге арнап ән шығарды. "Хайптамаңдар" деп ән салған әншіні Instagram парақшасында желі қолданушылары жерден алып, жерге салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Кейбіреудің сиырдай сүйкенгенін, Жек көрсем де тозбайды жүйкем менің.
Жазғыштар көбейді ғой жаңалық қып, Шығарар "мысық туып, ит өлгенін"... Қәнеки, қайдасыңдар дәл осындай, Жарықтық, хайперлер мен хэйтерлерім?!
Таратып жіберіңдер бұл әнімді, Сондайға жақсы еді ғой икемдерің.
Осымен осы тақырыпты жабайық. Мені ғайбаттағандарды мен, мені Алла кешірсін. Бір Алланың алдында бәріміз әлсіз пенде. Кім не десе, о десін. Өз намысым, ұлтсүйгіштігім, қазақилығым ешқашан жүрегімнен өлмейді. Әбдіжаппар Әлқожа сөзін бұрмалап, жаман атты қылған барлық хайперлер мен хэйтерлерге айтып, айтып тастады. "HYPE-тамаңдар" дегеннен кейін сыныққа сылтау іздегендер біраз тынышталатын шығар", - дейді әнші Instagram парақшасында.
Алайда желі қолданушыларына әншінің су жаңа әні де, жазбасы да ұнамаған.
"Масқара", "Сені кешірім сұрайды ма десек", "Халықтың алдында жүргеннен кейін, сөзін көтеруің керек. Халықтың ыстық ықыласы керек те, сөзі керек емес пе?", "Ақылыңның жеткен жері осы болса, түсінікті";
"Осы неге әншілер бір сынға ұшыраса болды соған байланысты ән шығарып, бейнеклип түсіріп тастайды", "Осы клипті шығарған ақшаға қайырымдылық жасап, абыройыңды қайтаруың керек еді", "Уақытында ойланып сөйлеуің керек еді. Жұрттың бәрі жазықты. Сен сүттен ақсың ба?";
"Ақталғанша, өз сөзіңе жігітше жауап бер", "Кешірім сұрап, кішірейеді ме десек... Дандайсып, тәкаппарланып кетіпсің", "Осы күні әншілер біреу бірнәрсе айтса, ұрысып, ән шығаруды әдетке айналдырыпты";
"Өзіңізден де кінә бар шығар. Әйтпесе, осы күнге дейін әпкеңіздің артынан бір жаман сөз ілеспеген. Сіз шыққалы әпкеңізге жазықсыз күйе жағылатын болды", "Ауыздарына келгенін айтып, артынан ән шығаратын болды ғой", - деп жазды ашулы желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа отандық бағдарламалардың бірінде қожалар жайлы айтқан болатын.
Осыдан кейін Әбдіжаппар Әлқожаның айтқаны желіде қызу талқыға түсіп, белгілі заңгер әншіні жауапқа тарту керектігін жеткізді.
Ал көп ұзамай әнші айтқан сөзін түсіндіріп, көпшілікке видео-үндеу жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789084-bizappar-lkozany-maskarasy-sykty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.