Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаевтың бұрынғы ғашығы қайда жүр?

Опубликовано:

Нұржан Керменбаевпен қосылып "Арнау" тобында ән айтқан Жанар Хамитованың сахнадан көрінбей кеткеніне бірнеше жылдың жүзі болған. 2007 жылдары сахна жұлдызына айналған бикештің тұрмысқа шығып, балалы болғанын Салтанат Бақаева айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жанар Хамитова, Нұржан Керменбаев. Фото:Әншінің жеке парақшасы, slivkimp3.biz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жанар Хамитова, Нұржан Керменбаев. Фото:Әншінің жеке парақшасы, slivkimp3.biz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Салтанат Бақаева Жанар Хамитованы вокал сабақтарына дайындық кезінде кездестірген.

Бағдарлама жүргізушісінің "Жанар сахнаға қайта оралуы мүмкін бе?", - деген сауалына әнші жауап қайтарды.

Ал Салтанат Бақаева әріптесі сахнаға қайта оралса, таңғалмайтынын жеткізді.

"Сондай жағдай болып жатса, мен таңғалмаймын. Өйткені ән айтатын дауысы да бар. Келбеті де орнында", - дейді Салтанат Бақаева.

Сондай-ақ "Арнаулық" ару Жанар Хамитованың бүгінгі таңда отбасылы екенін жеткізді.

"Тұрмысқа шығып, үш баласы бар-ау деймін. Нақты білмеймін. Бірақ тұрмыста", - деді Салтанат Бақаева.

Естеріңізге сала кетейік, SuperStar жобасы аяқталған соң Нұржан Керменбаев пен Жанар Хамитова "Арнау" тобының құрамында өнер көрсетті. Бастапқыда продюсер дуэттің арасындағы махаббат оты жақсы пиар болады деп ойлаған.

Артынша екі әнші де шын ғашық болғандарын сезіп, көңіл жарастырған. Халық той болады деп күткен-ді. Алайда жұлдызды жұп көп ұзамай айырылысып кеткен.

Жанар Хамитова топтан кетіп, оны Салтанат Бақаева алмастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789127-nrzan-kermenbaevty-bryngy-gasygy-kajda-zr/

pixel