Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Моника Беллуччидің айдай сұлу қызына жұрт тәнті болды

Опубликовано:

Әлемге танымал актриса Моника Беллуччи мен оның бұрынғы күйеуі Венсан Кассельдің ортақ қызы Дева бүгінде көптің қызығушылығын тудыруда. Ел алдына шыға бермейтін 14 жасар қыз жұртты өзінің сұлулығымен тәнті етті. Жұлдызды қыздың желіге тарап кеткен ерекше суреттеріне қарап, көпшілік оның болашақта анасының орнын басар талдырмаш мүсінді ару боларын болжады деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

2013 жылы ажырасатынын хабарлап, елді дүр сілкіндірген Белуччи-Кассель жұбы бірден ел назарына ілікті.

Әсіресе жұлдызды ерлі-зайыптылардың Дева және Леони есімді қыздары да көптің талқысына түсті.

Балаларын дүйім жұртқа көрсетпеу саясатын ұстанып келген ғашықтар бұл әрекетін оларға БАҚ тарапынан қысым болмағанын қалайтынымен түсіндіреді.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Алайда, әйгілі жанұя қыздарын қалай жасырғанымен ақпарат өкілдері Дева мен Леони жайлы мәліметтерді тауып алды. Үлкені 14 жаста болса, кішісі сегізде.

Бүгінде кенже қызы тым кішкентай болған соң, ел назары үйдің үлкен Деваға іліккен. 14 жасар жасөспірім шоу-бизнес әлеміне ақырындап аяқ басып келе жатқан көрінеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Жақында ғана ол әйгілі Dolce&Gabanna брендінің ерекше жарнамалық түсіріліміне қатысты.

Айта кетерлігі, аталмыш сән үйімен Моника Беллуччи бірнеше жыл бойы үзбей жұмыс істеп келеді.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Көпшілік енді жұлдызды анасының орнын Дева басады деп отыр.

Мониканың жас кезіндегі суреттерімен қызын салыстырған көпшілік оның анасынан айнымай қалғанын жазуда.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Тіпті, кейбір желі қолданушылары Деваның асқан сұлулығына тәнті болып, оның жақын арада Моника Беллуччиден асып түсетінін де топшылады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Дева анасымен. Фото: bigpicture.ru
Дева анасымен. Фото: bigpicture.ru: Facebook

Дева әкесімен. Фото: bigpicture.ru
Дева әкесімен. Фото: bigpicture.ru: Facebook

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789553-jgili-monika-belluccidi-14-zasar-kyzy-zrtty-askan-slulygymen-tnti-etti/

pixel