"Нағыз президент болу оңай емес": Нұрлан Әлімжанов сайлауға түсе ме?

Опубликовано:

Қазақстандық танымал актер, әнші әрі сазгер Нұрлан Әлімжанов соңғы жағдайларға байланысты өзіне жиі қойылған сұрақтарға жауап берді. Отандық фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағын сомдаған актердің президенттік сайлауға түсуі мүмкін бе? Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрлан Әлімжанов: Президентті сомдау - оңай, ел басқару оңай емес
Нұрлан Әлімжанов, Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Әншінің жеке мұрағатынан: Instagram

Украинадағы президент сайлауы қазіргі таңда күллі ел назарында тұр. Дауыс берудің екі кезеңі бойынша оқ бойы озып шығып, жеңіске жеткен Зеленскийді желіде құттықтап, өз пікірлерін білдіріп жатқандар аз емес.

Олардың арасынан "Владимир "Слуга народа" телехикаясында президенттің рөлін сомдап, сайлауға түсті. Сол секілді біздің Елбасының жастық шағын ойнаған Нұрлан Әлімжанов та өз бағын сынап көрмеген бе?" деген секілді жазбаларды көзіміз шалды.

Сондай-ақ, Әлімжановтың өзі Instagram-да жариялаған соңғы жазбасына осы сынды пікір жазған желі қолданушылары бар екен.

Осы орайда, KAZ.NUR.KZ тілшісі актердің өзінен президенттік сайлауға түсу туралы пікірін білді.

"Әркім өзінің жолымен жүру керек деп ойлаймын... Мен өнердің адамымын, яғни актер, әнші, сазгер...Осы өнер жолы арқылы ұлтыма руxани үлесімді қоссам, соған шүкір етемін!

Президенттің рөлін сомдау - оңай, ал нағыз президенттің өзі болу - ол оңай шаруа емес! Оның жауапкершілігі өте жоғары және қиын!

Нұрлан Әлімжанов: Президентті сомдау - оңай, ел басқару оңай емес
Нұрлан Әлімжанов. Фото: instagram: Twitter
Жалпы өз басыма келер болсақ әзірге саясатқа ешбір араласқым келмейді! Менің тілегім - бейбіт өмір! Еліміздің тыныштығы, xалқымыздың амандығы", - деді Нұрлан Әлімжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790312-nrlan-limzanov-prezidentti-somdau-oaj-el-baskaru-oaj-emes/