Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңбегім": Сейфуллин Жолбарыс Шадаеваның үйге қатысты айыптауына жауап берді

Опубликовано:

Өткен жылы Сейфуллин Жолбарыс үйімнің ақшасын қайтармай жүр деп ренжіген Бақыт Шадаева мәселенің әлі де шешілмегенін айтты. Ал баспана дауына алғаш рет пікір білдірген сазгер үйге таза еңбегімен қол жеткізгенін алға тартып отыр деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж KAZ.NUR.KZ.Фото: Instagram, bakhyt_shadayeva, kaztube.kz
Коллаж KAZ.NUR.KZ.Фото: Instagram, bakhyt_shadayeva, kaztube.kz: Twitter

Баспанаға қатысты жағдайды бір жыл бұрын жариялаған Шадаева бұл мәселе келешекте де шешімін таппайтын сыңайлы дейді.

"Жоқ, шешілмеді. Шешілмейді деп қорқамын. Айтып отырмын ғой, әркім өз ісіне жауап берсін. Мен өз басым жауапты күтемін, енді ол жігіт жауап бермейді деп ойлаймын", - дейді Шадаева.

Бұл айыптауға қатысты жұмған аузын ашпаған композитор бұл жолы әншінің сөздері шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Өз аузымнан айтайын, ешқандай үйге талас болған жоқ. Кезінде Бақыт Шадаевамен бір альбом жұмыс істегенмін. Бірақ, ол кезде Бақыт Шадаеваның қолында емес, Бақыт Шадаеваның продюсері болған. Сол кісілердің шешімімен орталай шешкенбіз. Ақша жүзінде емес. Менің жұмысым, еңбегім, жалпы студия, аранжировка, ән- бәрі жұмыс ретінде берілген.
Сондықтан мен өзімнің ақы, еңбегіммен алған үйім деп есептеймін. Одан кейін қанша үй алып, қанша үй ауыстырып тастадық қой. Білмеймін, мүмкін өзіне пиар жасағысы келген шығар", - дейді Сейфуллин Жолбарыс.

Айта кетейік, өткен жылы Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарыстың ескі үйіне кіріп алып, жарты ақшасын қайтармай қойғанын айтқан болатын.

Бақыт Шадаеваның әндерін "Музыка Нур" қосымшасында тындаңыздар>>

Премиум қол жеткізуді Tele 2 мен ALTEL-ден су тегін алыңыз. Толығырақ>>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790915-ebegim-sejfullin-zolbarys-sadaevany-jge-katysty-ajyptauyna-zauap-berdi/

pixel