Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Джонни Депп түбірі қазақстандық аруға үйленгелі жатыр (фото)

Опубликовано:

Танымал голливуд актері Джонни Депп 20 жастағы Санкт-Петербургттан шыққан биші ару Полина Гленмен кездесіп жүр. Бойжеткеннің анасы Қазақстанда туған. Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: dailymail.co.uk
Фото: dailymail.co.uk: UGC

Инсайдерлер 55 жастағы жұлдыздың сүйіктісі туралы мәліметті ашып қойды. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оның Санкт-Петербургтан шыққан Полина Глен есімді қыз екені анықталған.

Қауесеттерге сенсек, ғашықтар Лос-Анжелестегі сауық кештердің бірінде танысқан. Дегенмен Полина танысу сәтінде өзінің алдында "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің танымал актері тұрғанын білмеген.

Қол ұстасқан жұп осымен бірнеше рет камераға түсіп қалған. Өткен жылы олар актердің түсірілімдері өткен Мәскеу мен Белград қалаларында бірге жүр.

Жұптар Белградтағы қонақ үйде. Фото: dailymail.co.uk
Жұптар Белградтағы қонақ үйде. Фото: dailymail.co.uk: Instagram

Полина Депптың Лос-Анжелестегі зәулім сарайында тұрып жатқаны да хабарланды. Джонни жаңа қарым-қатынасын жұртқа жария еткісі келмейді. Сол себепті ол өзінің үйінде болған адамдардың бәріне ақпаратты жарияламау туралы құжаттарға қол қойдыртатын көрінеді.

"Ол қыз өте сүйкімді әрі қамқор. Өте өнерлі. Ақшаға құныққан адам емес. Джони оны лос-анжелестік сауық кештердің гүлі болмағаны үшін де жақсы көретін шығар. Ол ақша іздемейді", - деп келтірді инсайдер сөзін агенттік.

Инсайдердің айтуынша, голливудтық актердің қызға деген ниеті түзу, ол тіпті, өзінен 35 жас кіші ғашығына үйленгісі келеді екен. Дереккөз Полинаның ешбір жаман пиғылы жоқ екенін, сүйіктісіне деген шынайы сезімі барын жеткізді.

"Полина олардың үйленгелі жатқанын және Джонидің Ресейге барып Полинаның ата-анасымен кездескісі келетінін айтты", - дейді дереккөз.

Актердің жап-жас сүйіктісі туралы ақпарат көп емес. Басылым қыздың жасын шамамен 20-да деп жазды. Оның анасы Ирина Глен Қазақстанда дүниеген келіп, кейін отбасымен Ресейге көшіп кеткен. Полина Санкт-Петербургте дүниеге келген.

Полина анасы Иринамен. Фото: dailymail.co.uk
Полина анасы Иринамен. Фото: dailymail.co.uk: Twitter

Бойжеткен кәсіби биші. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын биші мансабын жалғастыру үшін АҚШ-қа көшіп кетіпті.

Оның ата-анасы Ирина мен Геннадий Санкт-Петербургте тұрады. Иринаның өз кәсібі бар. Сонымен қатар, ол жоғары кәсіби аудармашы.

Daily Mail журналистері Полина Глен мен оның анасымен байланысқа шықпақ болған. Бірақ бұл мүмкін емес болды. Депп те басылымның сұрауына жауап бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790962-bak-dzonni-depp-tbiri-kazakstandyk-kyzga-jlengeli-zatyr-foto/