Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абыройын төкті": Подиумға аяғын жалаңаштап шыққан Жанар Айжанова сынға қалды

Опубликовано:

Желіде Жанар Айжанованың подиумда кәсіби модельдермен бірге бой көрсеткен видеосы тарап кетті. Жасы елуден асқан әншінің ел алдына аяғын жалтыратып шыққаны көпшілікке жпқпай қалған. Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының үстіндегі киімі өз жасына сай емес әрі ерсі көрінетінін жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: видеодан кадр, Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Twitter

Instagram кеңістігіне тараған бейнежазбада Жанар Айжанова аяғын жалаңаштап тұрған қара түсті көйлекпен подиумға шыққаны көрініс тапты.

Жезтаңдай әншінің мұндай замануи үлгідегі образы қалың көпшіліктің көңілінен шықпаған сыңайлы.

Желідегілер эстрада жұлдызын бұл ұсынысты қабыл алып, ел алдына өз жасына сай емес киіммен шыққаны үшін аяусыз сынға алған.

Оқырмандар Айжанованың қылығын ерсі санап, оған қатысты керағар пікірлерді қарша жаудырды.

"Масқара, басқа істейтін тірлігі қалмапты", "Жанар апай сіздің жасыңызға келіспейтін сияқты. Сізге қазақи нақыштағы киімдер жақсы үйлеседі" ,"Ақша табам деп абыройын айрандай төкті-аү" , "Өз-өзін төмен түсіріп бітті әбден. Әйтпесе жақсы-ақ үлгі тұтар кісі еді" , "Пугачевадан қалысқысы келмей жүр"
"Қазақтың қара қызы не киіп алған?" , "Қолына қасиетті домбыраны ұстаған Жанар қайда?" , "Аяғын жалаңаштап тұрғаны жаман көрінеді екен" , "Қартайған шағында құтырып бітті" , "Тым ерсі, не тәлім-тәрбие бұл жастарға?" , - деп жазуда желі оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791126-abyrojyn-tkti-podiumga-aagyn-zalaastap-sykkan-zanar-ajzanova-synga-kaldy/

pixel