Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаева сіңлісіне ауыр ота жасатқан күні анасынан айырылғанын еске алды

Опубликовано:

Роза Рымбаеава сіңлісінің миынан ісік табылып, ота жасатқан күні анасының қайтыс болғанын еске алды. Басынан өткен ауыр күндер жайлы сыр шерткен әнші Аман Тасығанның "Talk Like" бағдарламасында көзіне жас алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаева. Фото: "Talk Like" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Роза Рымбаева. Фото: "Talk Like" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әнші тіпті сіңлісі арбаға таңылса да, оны өз қолына алмақ болған.

"Кейінгі кезде сіңлім қатты ауырды. Миынан ісік табылып, ота жасалды. Сол ота жасалып жатқанда, анам қайтыс болды. Таңертең жансақтау бөлімінде жатқан сіңілім оянады ма, оянбайды ма?

Арбаға таңылса, орнынан тұра алмаса не қыламыз? Өзім алдын-ала бір шешімге келіп қойдым. Күйеуі, бала-шағасы бар. Өз қолыма алып, бірге тұрамын.

Жолдасына "Өз өміріңді өзің жаса" деп айтамын деген шешімге келгенмін. Көздің жасы сорғалады.

"Құдайдың маған берген емтиханы шығар" деп ойладым. Сонда маған Әли "Мама, көз жасыңмен ештеңені өзгерте алмайсың. Не болса да, көреміз. Жылама" деді. Содан кейін тұрып, ауруханаға жүгірдім, анама жүгірдім.

Ол күн өзі дүйсенбі болатын. Қар аралас жаңбыр құйып тұр. Елдің бәрі жылап көрісіп жатса, мен базарда жылқы іздеп жүгірдім. Әрине ол ұмытылмайтын кезеңдер. Ол бір жағынан адамдарды шыңдайтын шығар", - деп Роза Рымбаева жан сырын ақтарды.

Роза Рымбаеваның әндерін "Музыка Нур" қосымшасында тындаңыздар>>

Премиум қол жеткізуді Tele 2 мен ALTEL-ден сутегін алыңыз. Толығырақ>>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791146-roza-rymbaeva-silisine-auyr-ota-zasatkan-kni-anasynan-ajyrylganyn-eske-aldy/

pixel