Гүлнұр Оразымбетова 21 жас үлкен күйеуінің қатаң талаптарын жайып салды

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова желіде күйеуі жайлы жиі сұрақ қоятын оқырмандарына жауап берді. Әншінің айтуынша, 21 жас үлкен жұбайы өзінің суреттерін желіде жариялауға рұқсат бермейді екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова. Фото: kyn.kz
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: kyn.kz: Instagram

Әнші жан сырымен "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында бөліскен.

"Менің суретімді салуға рұқсат жоқ" деді. Болды. Көпшілік "жолдасыңыздың суретін неге салмайсыз", "неге көрсетпейсіз" деп менен сұрап жатады. Мысалы, балаларымның өзін қазір өнерге шығып, өнер көрсетіп жүрген соң ғана сала бастадым. Алдында "балалардың суретін салмайсың" деп, оған да рұқсат бермеген. "Өзіңмен өзің болшы, айналайын" деген маған", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Гүлнұр Оразымбетова ержетіп қалған ұлдарын көпшілікке көрсеткен болатын.

Сондай-ақ әнші бір сұхбатында өзінен 21 жас үлкен күйеуімен қалай бас қосқанын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791247-glnr-orazymbetova-21-zas-lken-kjeuini-kata-talaptaryn-zajyp-saldy/