Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңгер Әлімбекованың аппеляциялық сотқа дейін босап шыққанына таңғалды

Опубликовано:

Осы жылдың басында алаяқтық үшін айыпталып, алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова арада алты күн өткенде бостандыққа шыққан болатын. "Евразия" бірінші арнасының "Пендеміз ғой" бағдарламасында адвокат Рамазан Әлтаев әншінің аппелияциялық сотқа дейін бостандыққа шыққанына таңғалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, өзіне бұл айыптаулардың тағылғанына үш жылдың жүзі болған.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден: "Сонда сіз таныстырғаныңыз үшін ғана айыпты болдыңыз ба? Қарсы шағымдану ойыңызда болды ма?", - деп сұраған.

Әнші істің басында - куәгер, одан кейін - айыпталушы, ең соңында - сотталушы болған.

"Таныстырғаным үшін айыпты болдым, біріншіден. Енді мен адвокаттар секілді түсіндіре алмайтын шығармын, негізі өзімнің ойым. Екіншіден ана қыздан ақшаны ала алмайтын болғанан кейін, "Сен бересің. Сен кінәлісің, сен таныстырғансың. Сенде ақша бар" деді.
Ондайды маған көп адам "Неге қарсы шағым жазбайсың" деп айтты. Сосын кейбіреулер "Ол кісі бірінші саған жазды. Демек соныкі дұрыс болады. Қазір кім арыз жазса, соныкі шындық" деді. Бір-екі адамдар "жазсай" деп еді. Бірақ мен "Жанжал керегі жоқ. Ұрысып, айтысып жүре беремін бе" деп жүре беріп, арғы жақтан бір-ақ шықтым", - дейді Гауһар Әлімбекова.

Ал осыдан кейін адвокат Рамазан Әлтаев бағдарламаға келген әншіге бірнеше сауалдар жолдап, жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтынын еске салады.

"Сізге мен заңгер ретінде сұрақ қояйын деп едім. Менің заңгер болып жүргеніме 30 жыл болды. Тергеуші де, прокурор да, сот та болдым. Қазір адвокатпын. Жаңағы айтқаныңыз, шамалап түсіндіріп кеттіңіз. Қазақта "Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды" дейді. Сізге тікелей арыз жазбаса, жәбірленуші болмаса бұл жерде қандай да бір қылмыстық іс қозғалмайды. Жаңағы өзіңіз айтып отырғандай, 15 жылдан аса жақсы танитын танысыңыз арыз жазған екен.
Енді бұл жерде соның арызын тексерген кезде, тергеушілер, прокурорлар, олардың үстінен қарайтын қадағалаушы прокурорлар оның арызындағы мәліметтерді тексереді. Сол кезде, қандай да бір таныстырғаныңыз үшін іс сотқа дейін жетуі мүмкін емес. Себебі, ол адам "Мен оның қолына осынша ақшаны бердім. Ол оны ары қарай берді" деуі мүмкін. Осындай нақты заңды деректерде ғана іс қозғалуы мүмкін. Таныстырғаныңыз үшін ғана іс сотқа жетіп отыр ма? Мүмкін қандай да ақшаның бөлігін берген шығарсыз?", - деп сұрады адвокат.

Ал әнші бұл сұраққа бағдарлама барысында жауап беруге бас тартқан.

"Мен бұл сұраққа қазір жауап бермеймін. Қазір мен ойымдағыны айтсам, бірнәрсені дұрыс айтпай қалсам, мен кінәлі болып қаламын. Бұл сұраққа жауап бере алмаймын", - деді Гауһар Әлімбекова.

Сондай-ақ адвокат бағдарлама барысында әншінің аппелияциялық сот шешімі шықпай тұрып, алты күн ішінде бостандыққа жіберілгеніне таңқалғанын жасырмады.

"Мына кісінің өзінен тыңдап отырғанымыз, екі-үш жыл бойы тергеу мәселесі жүрген. Одан кейін бірден сотқа жіберген де, аудандық сот істі негізі бойынша қарап, шешім қабылдады. Яғни судья шешім қабылдаған кезде барлық дәлелдердің жиынтығы бойынша, ішкі сезімімен де, түйсігімен "Мына адамның кінәсі бар екен" деп шешім шығарды. Сосын алты күн болмай, осы кісіні шығарып жіберді.
Енді соттың тәжірибесіндегі менің өзімнің айтайын дегенім, бірініш шешім кінәлі деп шыққаннан кейін, сот залынан қамауға алынды. Қамауға алынғаннан кейін аппелияциялық шағым қарағанша, негізі бас шарасын өзгертпеу керек. Қаншалықты тәжірибеде мен де сот болып істедім. Бұл кісіні бірден алады да, алты күннің ішінде... Әлде жоғары жақта біреулер араласады ма? Бұл кісі кемінде аппелияция қаралғанша, 1-1,5 ай қамауда болуы керек. Сосын барып, аппелияция өзгерткеннен кейін... Шартты түрде бұл кісінікін қалай өзгертіп жібергенін...
Соған қарағанда бұл кісіге тағылған айыптың шикілігі болған немесе жоғары жақтан біреулер тапсырыс дейді ғой. "Бұл кісінің ақшасы бар, қайтсек те алып алайық" деген тергеу орындарының сыбайластығы болуы мүмкін", - деді адвокат Рамазан Әлтаев.

Ал әнші соңғы аппелияциялық сотта өзіне қатысты ешқандай айғақтың болмағанын айтты.

"Мен сізді түсіндім. Соңғы сотта "Ешқандай айғақ жоқ. Дәлел жоқ. Заңсыз сотталған" деп айтты ғой", - деді Гауһар Әлімбекова.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Ал арада алты күн өткенде әнші сот шешімі күшіне енетін уақытқа дейін қолхатпен босатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792292-otandyk-advokat-limbekovany-appelacialyk-sotka-dejin-bosap-sykkanyna-tagaldy/

pixel