jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ерке Есмахан Атырауда ерлікпен қаза тапқан 24 жастағы полицейге клип арнады

    : Instagram

    Ерке Есмаханның көптен күткен жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Көпшілікке ұсынылғанына аз уақыт өтсе де, клип Gakku парақшасында 1 млн 200 мың қаралым жинап үлгерген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Ерке Есмахан. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Әнші "1001 түн" деп аталатын туындысын Атырауда өз-өзін өлтірмек болып суға секірген қызды құтқарып қалған Ақымғалиев Шалқар есімді 24 жастағы полицейге арнаған.

    24 жастағы жігіттің сүйіктісі Шалқар Ақымғалиевпен түскен видеосын желіге жүктеп жұртты жылатқан болатын. Әнші де өзінің бейнебаянында қос ғашықтың бақытты сәттерін бейнелеген. Ал клип соңында жас жігіт өзге қызды құтқару жолында құрбан болады.

    Желі қолданушылары Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянының өте әсерлі шыққанын, көздеріне жас алғандарын жарыса жазды.

    "Шын оқиғаға негізделгендіктен, көзге жас келді", "Жарайсың Ерке!", "Бейнебаян қатты ұнады", "Клипті жыламай көру мүмкін емес", "Жүрекке жеткіздің".

    "Атыраулық Шалқарға арналған бейнебаян ғой", "Маған өте ұнады" деп пікір білдірді желідегілер.

    Ерке Есмахан Атырауда ерлікпен қаза тапқан 24 жастағы полицейге клип арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.