Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атың өшкір кредит": Азия мен Бақай тобының жаңа клипі сынға ұшырады

Опубликовано:

Осыдан төрт ай бұрын "Опмай-Опмай" деп әндетіп, қайтадан танымалдылыққа ие болған "Азия" мен "Бақай" тобы тағы бір жаңа әннің тұсауын кесті. Алайда бейнебаян жарыққа шыға салысымен көпшіліктің сынына ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желі қолданушылары "Атың өшкір кредит" деп аталатын әннің "Опмай-Опмай" секілді хитке айналмайтынын айтып, желіде түрлі пікір қалдырған.

"Осылар бір хит шығарса, есіріп кетеді екен", "Опмайдай" хит болмайды. Бірақ Бақай мен Азия қосылса жарады", "Әйтеуір бір өлеңдері хит болып кетсе, соған ұқсайтын қылып түсіреді бәрін. Сол үшін жаман болып шығады".

"Не болса соны шығара беретін болыпты ғой", "Түрлеріңе не болған?", "Асыра сілтедіңдер жігіттер", "Деңгейлері төмен түсіп кетті", "Көтерген тақырыптарың жақсы. Бірақ киімдерің мен әннің сөзіне, қимылдарыңа 3 деген баға".

"Енді кредит алып, тойға "Азия" мен "Бақайды" шақырайық", "Бір өлеңің хит, бір өлеңің ит болыпты ғой", "Не ән енді мынау?", "Кредит алып, той жасағандар мына әнге жынданып тұрып билейтін болды ғой".

"Құдай сақтасын! Мынау енді ән бе? Мән-мағынасы жоқ ән шығарып, еліміздің эстрада өнерін құлдыратып жібердіңдер", "Мыналарың қайтет?", "Білдей бір ел ағаларысыңдар. Жүрістеріңе болайын", "Мына әнмен босқа абыройларыңды түсіріп алатын болдыңдар".

"Өздерің осындай әндерді құртамыз деген едіңдер. Енді сондай ән шығарыпсыңдар ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, желідегілер арасында әнді ұнатып, өзекті тақырыпты қозғаған әншілерге ризашылық білдірушілер де бар.

Естеріңізге сала кетейік, Осыдан төрт ай бұрын жарыққа шыққан "Опмай-Опмай" әні 38 млн қаралым жинап үлгерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793954-opmajga-zetpejdi-azia-men-bakaj-tobyny-zaa-klipi-synga-syrady/

pixel