Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытқа кенелтсе ғой": Мәдина Сәдуақасова тағы да сәбилі болғысы келетінін айтты

Опубликовано:

Әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram парақшасында ұлы Әнуардың жаңа туған сәтінен сурет жариялап, тағы да сәбилі болуды армандайтынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әнуар бұл суреттерде үш күн бұрын туылған! Осылай сағаттап бетіне қарап отыратынмын. УЗД біресе қыз, біресе ұл деп шатастырған. Содан баланың киімдерін аралас түсте алдық. Алла Тағала тура осындай бақытқа тағы кенелтсе ғой. Қасиетті Рамазан айында арман-тілектер орындалсын", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары әншінің тағы да ана бақытын сезінуіне тілектестіктерін білдірді.

"Лайым нәсіп етсін", "Қызды болыңыз", "Ана бақытын тілейміз", "Ұрпақтарыңыз көбейе берсін", " Алла тағы да осындай сәбидің күлкісін нәсіп етсін. Ораза айында тілесеңіз бәрі де болады".
"Өзіңіз секілді сұлу қыз нәсіп етсін", "Көп балалы ана болыңыз", "Тілегіңіз қабыл болсын", "Сізге шын жүректен тәлекшіміз", "Әнуардың артынан ерген қара домалақтар көп болсын" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдина Сәдуақасова қазіргі жұбайы Олжас Смағұловқа 2014 жылдың қаңтарында тұрмысқа шықты.

Ал осы жылдың маусымында әнші ұл баланы өмірге алып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795272-bakytka-keneltse-goj-mdina-sduakasova-tagy-da-sbili-bolgysy-keletinin-ajtty/

pixel