Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауап бер": Жанар Хамитова өзіне қолдау көрсеткен әнші жігітке ұрысып тастады

Жарияланған күні:

Жанар Хамитова осыдан біраз уақыт бұрын эфирге бірге дуэт орындап шыққан Әбубәкір Ужазовпен ұрысып қалды. Бұл жағдай "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Хамитова, Әбубәкір Ужазов. Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жанар Хамитова, Әбубәкір Ужазов. Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қос әнші біршама уақыт бұрын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында "Армандаймын" атты әннің тұсауын кескен болатын. Алайда әншілер сөзге келіспей, бүгінгі таңда Жанар Хамитова өзге әріптестерімен дуэт жазуға кіріскен.

"Бұл жерде "жағада қалып қойғандай деп отыр ғой. Мен Жанарға дейін де ән жаздырдым. Жанардан кейін де жаза беремін. Жанармен кездесуіміздің өзі тағдыр. Жанармен бірге алдыға құрған жоспарым болған. Біздер клип түсіреміз деп келістік. Мен қаланың шет жағында тұрамын. Жанарға "Клип түсірейік. Халық сұрап жатыр" дедім. Ол "Жарайды" деді.
Сосын Қазақстанның түпкір-түпкіріне турне жүргіземіз деп келісіп, ұйымдастырушылармен келісіп қойғанбыз. "Бізге ақша керек емес. Біз тек жұмыс істейік" деп айтқанмын. Өйткені Жанар солай айтқан болатын. Мен Ерлан Орынбасаров ағамыздан көмек сұрағанмын", - деді Әбубәкір Ужазов.

Осы сәтте Жанар Хамитова шыдамай, өз шындығын айттты.

"Демеушіні не қыласың, кеттік" деп айттым ғой саған. Ауылдарды аралайық. Ән жазылды, неге тоқтайсың? Көлігің бар. Тұрып жатқан үйің бар. Жолдастарың бар, жергілікті адамсың. Ауылдарды тегін аралайық. Гитарада да ойнайды екенсің. "Арбаттың арасында ән айтсақ та, кеттік" деп айттым ба? Жауап бер", - деді Жанар Хамитова.

Ал Әбубәкір Ужазов екі-үш әнмен кеш өткізе алмайтынын мысалға келтіріп, өз уәжін айтты.

"Ол айтылды. Жанар басында "Кеттік-кеттік" деп айтқан. Бірақ біз бір әнмен не істейміз? Жарайды мен жаныма бірнеше досымды алармын. Халық қаражат төлегеннен кейін, 1,5 - 2 сағаттық кеш күтеді. Өйткені олар, біреудің әнін тыңдауға келмейді ғой. Мен осындай болатынын білгеннен кейін, аранжировщиктермен сөйлесіп, ескі көлігімді кепілге де бермек болдым.
Жанар Сиви Махмудимен жұмыс жасайтынын айтты. Жанардың таңдауы болды. Мен екінші әнді де жаздырып қойған болатынмын. Мен Жанарға түсіндіре алмадым ғой. Мені қыстың ортасында "лақтырып" кеткеннен кейін, жүргізуші болып кеттім", - дейді Әбубәкір Ужазов.

Жанар Хамитова болса, бағдарлама барысында осыдан бір ай бұрын ғана әріптесіне айналған жігітке қанша қарызы барын сұрады.

"Фотосессия 5000 теңге. Екі сағатқа он мың теңге. Мен саған тағы қанша қарызбын?", - деді ашуланды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Хамитова 11 жыл бойы сахнадан көрінбей кетіп, басынан өткен ауыр тағдыры жайлы баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795693-zauap-ber-zanar-hamitova-zine-koldau-krsetken-nsi-zigitke-rysyp-tastady/