Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елден оңбай сөз естіген Жанар Хамитова көпшілікке видео-үндеу жолдады

Жарияланған күні:

Жанар Хамитова осыдан бірнеше күн бұрын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Нұржан Керменбаевқа қатысты шындықты айтты. Сондай-ақ әнші эфирде өзімен дуэт орындаған Әбубәкір Ужазов есімді азаматқа да ұрысып тастаған болатын. Осы оқиғадан кейін сахнаға қайта шыққанына бір ай болған Хамитованы көпшілік ұнатпай, оған ауыр сөздерді қарша боратқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арада аз уақыт өткеннен кейін, жұрттың айыптауларына шыдай алмаған Жанар Хамитова көпшілікке видео-үндеу жолдады.

Видеоны әншінің қазіргі қолдаушысы Сиви Махмуди өз парақшасында жариялағанымен, алайда кейін оны желіден өшіріп тастаған.

Ал видео Жанар Хамитованың Insta-фан парақшасында пайда болды.

"Өнер жолында бірінші күн емеспін. Жасым Құдайға шүкір, 30-да. Екі баланың анасымын. "Жұлдыз ауруы" деген маған тән емес негізі. Кішкентай кезімнен сахнадамын. Біреуді басып тастау - ол менің жүрегіме тән емес... Оны мұғалімдерім, ата-анам, көршім болсын барлығы біледі. Мен тек шындықты сүйетін адаммын. Шындықтан қорықпаймын, айтамын.
Бірақ сіздерге бір зат айтайын. Әбубәкір мен Нұржан екеуміздің арамыздағы.... "Масқаң ашылды" деп жазып жатыр. Мен жұлдыз ауруы емес. Менің жүйкем... Оңай емес, өнер жолы оңай емес. Қазіргі таңда әр адамда өзінің мәселесі көп", - дейді әнші видеода.

Ал желі қолданушылары Жанар Хамитоваға деген ашуының әлі басылмағанын айтып, теріс пікір жазуды жалғастырған

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Хамитова осыған дейін 11 жылдан кейін өзімен дуэт орындаған жас әнші Әбубәкір Ужазовпен эфирде сөзге келіп қалған болатын.

Сондай-ақ сахнаға қайта шыққан әнші бұрынғы әріптесі Нұржан Керменбаевтың абыройын төгіп, қарызын қайтармағанын да мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796121-elden-obaj-sz-estigen-zanar-hamitova-kpsilikke-video-ndeu-zoldady/