Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалиға ән арнаған жас әнші шындықты жайып салды

Опубликовано:

Отандық жас әнші Бота Хамит Төреғали Төреәліге ән арнаған. Бойжеткен жаңа туындыны хитменнің рұқсатымен ғана жарыққа шығарғанын мойындады деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Headlinew weekend" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі, Бота Хамит. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Төреғали Төреәлі, Бота Хамит. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жас қыздың айтуынша, әннің сөзі басқаша болған. Алайда туындының сөзін Төреғали Төреәлінің өзі өзгертуге кеңес беріпті.

"Төреғали" деген әніміз бәріне қызық болып жатыр. Ән шыққаннан кейін, жағымсыз пікірлер өте көп болды. Бірақ жақсы пікір де болды. Туындының сөзін толық тыңдамай, теріс пікір жазғандар болды. Оларға "Әнді толық тыңдаңыз. Мүмкін пікіріңіз өзгерер" деп жаздым.
Төреғалимен бір студияға барамыз. Ән жазатын жеріміз бір, группаласпыз. Шыны керек, бұл ән махаббат туралы болды. Сөзі мүлде бөлек. Төреғалиға арналмаған. Ән жазылып, өңделуге апарған кезде, Төреғали "Қане, әніңді қосшы" деді. Сосын әнді тыңдап-тыңдап, "Кім жазды мынаны? Сөзін өзгертсеңші. Болмайды ғой мынау" деді. Менің Төреғалиға ән жазып, хит болып кетейін деген ойым болған жоқ", - дейді Бота Хамит.

Әншінің айтуынша, ол қалжыңдап Төреғалиға сезімі болғанын мойындаған.

"Рамазанға "Төреғалиға баяғыда сезімім болып еді" деп қалжың түрінде айтамын. Енді оны менің отбасым да, Төреғалидің өзі де оны білген емес. Рамазан маған "Онда Төреғалиға ән жазайық" дейді. Мен қызарып кеткенмін.
Оның үстіне әйелін танимын. Содан Төреғалидің рұқсатын алып, ән жарыққа шықты. Өлеңнің бірінші шумағында сезімім жайлы айтылып, екінші шумағында "Жан жарың өкпелемесін" деп жазуға тура келді. Ал қайырмасында оның Төреғали екені айтылады", - дейді жас әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796211-zan-zary-kpelemesin-tregaliga-n-arnagan-zas-nsi-syndykty-zajyp-saldy/

pixel