Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Әлжаппаров айтысқа қатысқаны үшін танымал ақындардан оңбай сөз естіген

Опубликовано:

Әзлікеш Қанат Әлжаппаров айтысқа шыққаны үшін бірқатар айтыскерлерден сөз естігенін есіне алды. Танымал әзілкешке бірінші болып Ринат Зайытов ренішін жеткізген деп жазады "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әлжаппаров кезінде шоу-айтысқа қатысамын деп елдің қатаң сынына ұшыраған. Осы үшін тіпті, әзілкешке танымал айтыскер ақындар "қазақтың төл өнерін қорладың" деп кейіген.

"Айтысқа шыққанымыз сорақылық болды деп айтуға болады. Өте ұят әрі хит болды. Мен істегенімді ешкім істей алмайды. Маған Сарамен айтысасың деді. Бақытжан қоймады: "Қанат өзіміз дайындаймыз" деп. Біз сөздерді күшті жаздық. Оны мен ақындарға жаздыртқан жоқпын. Сөздерді толығымен біздің театрдың авторларына жазғыздым. Олар да ақын емес. Бірақ ұйқастырып жіберейік деп жазды.
Айтыс эфирге төртінші қаңтар күні шықты. Бесінші қаңтар күні мені бүкіл телевидение іздеп жүр ғой. "Әлжаппаров қайда? Желкесін қиямыз " деп. Аманжол Әлтаев пен Ринат Зайытов деген кісілер маған өте қатты айқайлады. Ұрысып, "қазақтың төл өнерін қорладың" деді. "Әлжаппаров неге сахнаға шықты?" деп айтты. Күшті адамдардан сөз естідім" , - дейді әзілкеш.

Әлжаппаров орын алған жағдайдан кейін айтысты қоймай, сахнаға қайтадан екінші мәрте шыққан.

"Содан кейін ұялмай айтысқа екінші рет шықтым ғой. Хит болады деп ойлағанбыз. Баспен әдемі қадалған соң, қойдық. Айтыскер ақындар өте қатты ұрысты. Бірінші болып, Ринат Зайытов ұрысты. Енді ол кісілер нағыз айтыс жанашырлары ғой. Әрбір сөздері орынды. Олармен ұрыспадық, кешірім сұрап жүре бердік.
Ринат: "Әліппенден басқа кітап оқымаған Әлжаппаровты айтысқа шығару деген масқара" деді. Оның айтатын жөні бар енді. Айтысты айтқан кезде жаман қорқамын. Айтыскер ақындардың бір риза болғаным, халық алдында беделі өте жоғары екен" , - дейді Әлжаппаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798082-kanat-lzapparov-ajtyska-katyskany-sin-tanymal-akyndardan-obaj-sz-estigen/

pixel