Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз ұзатқан Гүлзира Айдарбекованы желідегілер сынға алды (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатамын деп, көпшіліктен сөз естіді. Продюсер Жетісайдағы тойдың суретін Instagram парақшасына жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Гүлзира Айдарбекованың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Гүлзира Айдарбекованың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, ол балаларының біріне алып беруді армандап жүрген қызды құтты орнына қондырған.

"Бүгін Жетісай қаласында Гүлназ қызымызды ұзаттым. "Балаларымыздың біреуіне алып берсек" деп қызыға да, қызғана да қарап жүрген қызымыз. Алланың қалауымен Руслан есімді жігітке бұйырды. "Балаларымыздың қалауы білсін" деп, бақытын тілейміз ғой. Біздің Заңғарымызға да Гүлназдай қызды бұйыртсын енді", - деп жазды продюсер.

Ал желі қолданушылары хитменнің анасын қатаң сынға алған. Олар:

"Жас емессіз. Бұл сіздің кәсібіңіз де емес", "Енді сіз де қыз ұзататын болдыңыз ба?", "Шақырған жерден қалмаған дұрыс қой", "Екінің бірі қыз ұзататын болды ғой" деген сынды пікірлерін жаудырған.

Гүлзира Айдарбекова әдеттегідей оқырмандарының сынын жауапсыз қалдырмай, жауап қайтарған.

"Мен емес сіз қателесіп тұрсыз. "Тек әншілер ұзатады" деп кім айтып жүр сізге? Жеңгелері ұзатса да болады. Көбіне "осы кісінің жолын берсін" деп, тұсау кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығартады, кіндігін кестіреді және қыз ұзатқызады. Білмесеңіз білетіндерден сұрап алыңыз", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Гүлзира Айдарбекованың желідегілердің жазбасына білдірген алғашқы пікірі емес. Продюсер осыған дейін ұлын Димаш Құдайбергенмен салыстырғандарға жауап қайтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798237-kyz-zatkan-glzira-ajdarbekovany-zelidegiler-synga-aldy-video/

pixel