Венсан Кассельдің енесі бұрынғы әйелі Моника Белуччидің көшірмесі болып шықты
Опубликовано:
Венсан Кассельдің қазіргі енесі оның бұрынғы жары Моника Белуччиден айнымайтын болып шықты. Әйгілі актер бұрынғы әйелінің егізіндей келіншектің күйеубаласы атанған деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Фото: woman.ru, sunmag.me Коллаж: KAZ.NUR.KZ Фото: woman.ru, sunmag.me Коллаж: KAZ.NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/781cdfefd905203b.jpeg)
Танымал актриса мен оның бұрынғы күйеуінің енесі өзара қатты ұқсайтыны желіде жарияланған суреттен кейін қызу талқыланған.
Венсан Кассельдің сүйіктісі Тина Кунаки өзінің Instagram парақшасына анасының суретін жүктеп, жұртты таңғалдырған.
![Фото: woman.ru Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/afe72d521f3c5733.jpeg)
Желі қолданушылары Надя Кунакидің италиялық актриса Моника Белуччиге қатты ұқсайтынын бірауыздан жарыса жазды.
Көпшілік Венсан Кассельдің бұрынғы сүйіктісінен айнымайтын әйелдің қызын жар етіп алғанына таңданды.
![Надя Кунаки Фото: woman.ru Надя Кунаки Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/bb331511061775cf.jpeg)
"Мәссаған, Мониканың көшірмесі ғой", "Мониканың егізі" , "Өмір деген қызық. Айналып келіп, Моникадан айнымайтын келіншектің қызына үйленген" , "Екеуі егіздердей" , - деп жазуда желідегілер.
![Фото: woman.ru Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/d128661891d6c963.jpeg)
Айта кетейік, Тина Кунаки мен Венсан Кассель осы жылдың тоғызыншы сәуірінде қызды болды. Ерлі-зайыптылар перзентіне Амазони деп ат қойған.
Бұған дейін танымал актер әйгілі Моника Белуччидің күйеуі болған. Италиялық жұлдыз Кассельге екі қыз туып берген.
![Надя Кунаки Фото: woman.ru Надя Кунаки Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/3a4ebcf4ce10ad41.jpeg)
![Моника Белуччи Фото: woman.ru Моника Белуччи Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/5fdae244a340aa3f.jpeg)
![Надя Кунаки Фото: woman.ru Надя Кунаки Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/2aa33f6d486a035c.jpeg)
![Моника Белуччи Фото: woman.ru Моника Белуччи Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/4c14bd33925d7a8c.jpeg)
![Надя Кунаки Фото: woman.ru Надя Кунаки Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/b28e1b5ca2e3461f.jpeg)
![Надя Кунаки Фото: woman.ru Надя Кунаки Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/098475c9a83003b5.jpeg)
![Моника Белуччи Фото: woman.ru Моника Белуччи Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/835eb772c94700ea.jpeg)
![Надя Кунаки Фото: woman.ru Надя Кунаки Фото: woman.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/026a1b69a5f38f72.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798273-vensan-kasseldi-enesi-bryngy-jeli-monika-beluccidi-ksirmesi-bolyp-sykty/