Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламмен қабылдаса": Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шығудан үмітті

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова өзінің екінші рет тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін жеткізді. Әнші "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында болашақ жарына қандай талаптар қоятынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әуелбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Әуелбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әншінің айтуынша, ол қайта тұрмысқа шығудан үмітті.

"Бәрібір әр адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын. Әсіресе қыз-келіншектер! Болашақта тұрмысқа шығуға өзімнің де үмітім бар. Егер де адам табылып жатса, мені түсінетін, өнерімді түсінетін, баламды қабыл алатын. Сондай мейірімді, сондай күшті жан болса. Үміт қой енді.
"Мені баламмен бірге қабылдаса" деген бір-ақ талап шығар. Жар таңдаған кезде... Қазақта сөз бар ғой "Текті жерден қыз ал, текті жерге қыз бер" дейді. Оның отбасын, оның ата-анасы кім, арғы тегі кім, білім қандай. Соның барлығына қарау керек екен", - деді ағынан жарылған әнші.

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова күйеуінің өзін тастап кеткенін жылап отырып айтып берген болатын.

Сондай-ақ әнші ұлы Сартайды халыққа көрсетіп, ұлын әкесінің іздемейтінін жасырмады.

Әнші бұрынғы күйеуінің өзге адамға кеткенін айтып, ол кісімен қайта қосылмайтынын да мәлім еткен болатын.

Алайда арада біраз уақыт өткенде әнші өзінің бұрынғы жұбайының қайта хабарласқанын, күйеуінің ұлы Сартайдың туған күнін бірге өткізгісі келгенін жайып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800150-balammen-kabyldasa-mldir-uelbekova-ekinsi-ret-trmyska-sygudan-mitti/

pixel