Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердос Қанаев ұлын сүндетке отырғызды (фото)

Опубликовано:

"Жігіттер" квартетінің белді әншісі Ердос Қанаев ұлының сүндетке отырғанын көпшілікке айтып, сүйінші сұрады. Ол бұл жаңалығымен өзінің Instagram желісінде бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ердос Қанаев желідегі парақшасына:

"Сүндетке отырды батыр әлxамдулиллә. Көңіл-күй жоқ, түсінесіздер ғой енді", - деп қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары әншіге құттықтау айтып, кішкентай ұлына жылы тілектерін жаудырған.

Олар "Құтты болсын", "Батыр болсын", "Мұсылман атануымен" деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800332-erdos-kanaev-lyn-sndetke-otyrgyzdy-foto/