Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Төлендиев атышулы "Қалаулымға" неліктен пародия жасағанын түсіндірді

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын "Қалаулым" бағдарламасына пародия жасаған Нұржан Төлендиев "Алдараспан" театрының бұл қойылымына қатысты пікір білдірді деп жазады "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Төлендиев. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы, пародиядан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Нұржан Төлендиев. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы, пародиядан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Актердің айтуынша, ол атышулы "Қалаулым" бағдарламасын аяқ-астынан көріп қалған.

"Үйде отырғанда сол бағдарламаны көріп қалдым. Күлдім. Көрмеймін деп сыртқа шығып кетіп, қайта айналып келіп, тағы көрдім. Ақырында "қашан басталады ?" дейтін болдық.
Болып жатқан "қызықтарды" сахнаға шығару керек екен деген идея келді. "Халық үшін таптырмайтын өтімді дүние екен" деп ойладық", - дейді Нұржан Төлендиев.

Сондай-ақ "Алдараспан" театрының директоры бағдарламалардың біріне іш киіміне қатысты сұраққа жауап берген Аша Матайдың сұхбатына қатысты да пікір білдірді.

"Құрсын! Іш киімі... Оның бағасын айтқаны несі? Дұрыс емес! Сауатсыздық. Әңгіме қылатын нәрсе ме? Ұят нәрсе. Жалпы сенің киіміңнің қанша тұратыны халыққа не керегі бар? Несін жасырамыз, ауылда жыртық шұлықпен өстік қой. Бір үйге бір ғана шалбар болды. Оны үш ағайынды кезектесіп кидік. Келеке етіп күлгендер болды. Бір үйден төрт студент болдық. Анам қарапайым, әкем де... Мал бағып, семіртіп сататынбыз.
Студент кезімде ағамның туфлиін киіп, үлкен болған соң басына мақта тығып қоятынмын. Сол уақытта "аяғыңдағы туфлиің дәу ғой" деп күлетін еді. Оны кимесем жалаң аяқ қалам ғой. Қазір айтсаң, өтірік сияқты. 70 теңгені екі аптаға жеткізген кездеріміз болды. Халыққа Құдай сабыр берсін деймін", - деді актер.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басында "Алдараспан" театры "Қалаулым" бағдарламасының кейіпкерлеріне пародия жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800667-nrzan-tlendiev-atysuly-kalaulym-bagdarlamasyna-nelikten-parodia-zasaganyn-ajtty/

pixel