Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ранняя пташка" кейіпкерлері жайлы қызықты ақпараттарды білесіз бе?

Опубликовано:

2018 жылы көрерменге жол тартқан туындылардың бірі - "Ранняя пташка" телехикаясы бүгінгі таңға дейін түсірілімін аяқтаған жоқ. Себебі қызықты желі мен тартымды актерлер құрамы көрерменді бірінші бөлімдерінен-ақ өзіне баурап алды.

Фото: kinox-deutsch.com
Фото: kinox-deutsch.com: UGC

"Ранняя пташка" телехикаясының желісі

Туынды экранға алғаш шыққаннан бері өте жоғары рейтингтерге ие болды. Аптаның әр сәнсенбісінде шығатын телехикаяны қалың көрермен тағатсыздана күтеді.

Желі бойынша, Сенем есімді бойжеткен бала күнінен ерте оянып, барлығынан бұрын таңды қарсы алады екен. Арудың әкесі Нихатин демікпемен ауырып, соның салдыранан қозғалысы тежеледі. Сол себепті Санем әр таңды әкесінің бөлмесіндегі ауаны тазартудан бастайды.

Жанашыр қызын қатты жақсы көретін әке бойжеткенді "Ранняя пташка" деп атап кеткен. Санемнің Лале есімді әпкесі бар. Алайда сылқым әпкесіне қарағанда өз ісіне жауапты, барлығын ойлап жүретін данышпан адам.

Бір күні Лале газеттен әйелдерге арналған сән журналына қызметкер керек деген хабарламаны көріп қалады. Оған қызыққан Санем бұл жұмысқа қалай да тұруға тырысады. Сұқбаттан сүрінбей өткен аруды компанияның директоры Әзіз мырза жұмысқа алады. Сол жерде Санем өзінің өмірлік махаббатын кезіктіреді.

"Ранняя пташка" телехикаясының актерлері

Демет Оздемир

Демет Оздемир 1992 жылы Түркияның Коджаэли қаласында дүниеге келді. Бойжеткен 8 жаста болғанда ата-анасы ажырасып кетті. Сол себепті анасы Демет пен оның бауырларын алып Стамбұлға көшіп барған. Жаңа қаладағы мектепте актриса бимен айналысып жүрді.

Бала күнінде Мұстафа сандалдың бейнебаянына түсті. Мектептен кейін ару бірнеше жыл Шахика Текандтың театрлық студиясында тәлім алды.

2012 жылы танымал әуекомпаниясының жарнамасына түсті. 2014 жылы "Курт Сеит и Александра" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады.

2015 жылы "Запах клубники" телехикаясында басты рөлде ойнады. Дәл осы туынды актрисаның бағын жақты. Түсірілім кезінде актриса қалың жұртқа танылып, махаббатын кезіктірді. Ол өзінің әріптесі Юсуф Чиммен қарым-қатынас құра бастайды. Алайда ғашықтардың қарым-қатынасы ұзаққа созылмайды.

Актриса "Номер 309" телехикаясында басты рөлді сомдайды. Ал 2018 жылы "Ранняя пташка" жобасына қатысып, Санем есімді басты кейіпкерді сомдап шығады.

Джан Яман

Джан Яман 1989 жылы Стамбұлда туылды. 5 жасында ата-анасы ажырасып, актер анасымен бірге Стамбұлдың Суадие ауданында тұра бастайды. Яман отбасындағы жалғыз бала. Ол Bilfen Kolej бастауыш мектебінде, ал кейін италиялық "Lisesi" орта мектебін алтын белгімен бітірді.

Жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін студенттік бағдарламамен Америкаға барып келген. 2012 жылы Йедитепе университетінің заң факультетін тәмамдайды.

2014 жылы досының ұсынысымен "Дела сердечны" хикаясына шақырылып, өзін жақсы қырынан көрсете алды. Кино жоба үшін Джан 10 келі салмақ тастауға мәжбүр болған.

2014-2017 жылдары "Любовь назло", "Кто из нас не любил?", "Полнолуние" телехикаяларында өнер көрсетті. Телехикаялар Джанның рейтингін көтере алды.

2018 жылы актер "Ранняя пташка" хикаясында Демет Өздемирмен бірге басты рөлді сомдады. Ұзын құлақтың сөзінше, тіпті, актерлер түсірілім кезінде бірін-бірі ұнатып, көңіл жарастырған екен.

Өзнұр Серчелер

Ознур Серчелер 1987 жылы Кайсери қаласында дүниеге келді. 2001 жылы мектепті тәмамдағаннан кейін Мейринге көшіп, мемлекеттік консерваторияда музыкалық шеберлікті оқи бастады. Ознур Серчелер әнші болуды армандаған.

2003 жылы актриса Билкент университетінің өнер факультетіне ақылы негізде оқуға түседі.

2007 жылы бойжеткен мансабын өзгертуге бел буып, сәнқой агенттігімен келісім-шартқа отырады. 2011 жылы "Nuri Devam" және "Жизнь продолжается" телехикаясына түседі.

2014 жылы актрисаның актерлық мансабы өрге жүзе бастайды. "Все из-за любви", Ретро кассета", "Закон любви" телехикаяларына түсті. Алайда нағыз танымалдықты актрисаға "Полнолуние" хикаясы алып келді. Дәл осы туындадан кейін Өзнұрдың жанкүйерлері пайда бола бастады.

2018 жылы актриса "Ранняя пташка" және "Любовь ли это?" жобаларында басты рөлдердің бірін сомдады. Өзнұр хикая желісі бойынша басты кейіпкер Санемнің әпкесінің рөлін сомдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800929-rannaa-ptaska-kejipkerleri-zajly-kyzykty-akparattardy-bilesiz-be/

pixel