Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа енді сахнаға тек жабық киіммен шығатын болды (фото)

Опубликовано:

Роза Әлқожа енді сахнаға орамал тағып, әрі барынша жабық киініп шығуға тырысып жүр. Көпшілікке түрлі түсті көйлектері мен образдарымен танылған әнші Меккеге барып келіп, осындай шешім қабылдаған деп жазады "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде эстрада жұлдызы жеңі мен етегі қысқа көйлектерін кең киімге алмастырған.

"Енді осылай кішкене жабық киінетін болдым. Бұған дейін шашымды көрсетіп, мойным ашық жүргені - ол өткенім. Бірақ, бұлай болғаны заңдылық деп ойлаймын.
Біреулер оранып, басқа дінге өтіп кетті деп айтып жатыр екен. Аллаға шүкір, осы елдің арасында жүрген қарапайым. Ағым да жоқ ешқандай. Мақсатым да жоқ. Жай ғана адам ретінде өмір көрген, өмірден түйген, жасы қырыққа жақындаған көпбалалы ана ретіндегі шешімім" , - деді Роза Әлқожа.

Айта кету керек, үнемі орамал тартып жүру туралы ой әншіге Меккеден келген сәтінен бастап маза бермеген. Бұл туралы, әншінің өзі Instagram парақшасында жазған болатын.

"Орамал - иманның қабы. Оны Меккеден келгенде мүлде шешкің келмейді. Бір шешіп, бір тағып жүрген өнерпаздар біраз бармыз. Негізі дініңе берік болу үшін исламның шарттарын орындаған абзал екен. Жеңілдік жасап жүріп қиындыққа тап болуың қиын емес екен әйтпесе!
Әрине сахнаның өз талаптары бар. Жалаңбас жүрмеу үшін қанша тюрбан, таблетка тіктірдік. Кемі $100, $250-ға түсті. 200 мың теңгеге тіктірген бөріктер бар. Осы жолы осылай орап таға берсем деген ойдан арыла алмай отырмын" , - деп жазған әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802431-mekkege-baryp-kelgen-roza-lkoza-endi-sahnaga-tek-zabyk-kiimmen-sygatyn-boldy-foto/

pixel