Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылхан Төлеповтің әйелі неке қию рәсіміндегі қызықтармен бөлісті

Опубликовано:

Асылхан Төлеповтің жұбайы неке қию рәсімін еске алып, сол кезде болған қызықты жайттармен бөлісті. Отандық актердің әйелі аса маңызды күні сүйіктісі екеуіне кімдердің куәгер болғанын айтып, махр сыйлығына не сұрағанын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсұлу Нарымбекқызы неке қию рәсімі күні өзге жұпқа куәгер болып үлгерген.

Ол имамның алдына бірінші куәгер ретінде келіп, артынан қалындық ретінде кірген.

Төлеповтер әулетінің келіні өміріндегі аса бақытты күндерінің бірі туралы Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі жазған.

"Алматы қаласының Орталық мешітіне неке қиюға келдік. Мен арнайы бөлмеге кіріп, кезегімізді күтіп отырдым. Асекем көлікті тұраққа қоямын деп кідірді. Оның үстіне куәгерлеріміз әлі келмеген.

Біздің алдымызда бір отбасы келіп, Алланың алдында ақ некеге отырмақ. Олардың да куәгерлері жетіспей тұр.

Бір әйел адам кем болғандықтан, маған куәгер атануды ұсынды. Жақсы іске неге ортақ болмасқа? Сәл де болса "опыт" жинап алайын деп келістім.

Елімізде тағы бір кішігірім мемлекет - жас отбасы құрылды. Қуанышты сәттерін менімен бөліскендері үшін раxмет.

Имамға қарама-қарсы ұзын орындыққа мен тағы отырдым. Бірақ бұл жолы куәгер емес, қалыңдықпын. Жаңағы қойылған сұрақтар мен айтылған жауаптар есімде.

Біздің некеде куәгер Көкем мен Аян болды. Имам маxр сыйлығына не қалайсыз деп сұрағанда екеуі екі жақтан "Шуба сұра", "Айфонның жаңасы шықты, Айс, сұрай бер" деп әзілдей бастады. Мен өзіме шариғат бойынша тиесілі мөлшерде алтын алқа сұрадым.

Сонда имам менен кулонның қандай түрі керек екенін сұрады. Ол "гауһартаспен қажет пе?" деп сұрады. Мен "қандайын лайық деп тапса, сондайын алып берер" дедім.

Не деген тәрбиелі деп ойлап қалмаңыздар. Не сұрайтынымды білмедім. Осылай некеміз қиылды.

Мешіттен шыға бергенде Көкем "Эx, су жаңа айфон" деп тағы езуімізді тарттырды", - деп жазды Айсұлу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803922-asylhan-tlepovti-jeli-neke-kiu-rsimindegi-kyzyktarmen-blisti/

pixel