Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұбайына себепсіз бір құшақ гүл сыйлаған Тұрсынбек Қабатов көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов әйелі Мөлдір Мұқановаға себепсіз алып гүл шоғын сыйлады. Жұбайынан мұндай тосын сый күтпеген әзілкештің жары қуанышын жасыра алмай, Instagram парақшасына видео жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Тұрсынбек Қабатов. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желі қолданушылары бұл видеоны көріп, өнерлі отбасыға жарыса бақыт тілеген.

"Қандай керемет", "Видеоны көріп, өзіме гүл сыйлағандай бір жылап алдым", "Тұрсынбек жарайсыз! Әкесі мен анасының махаббатын көріп өскен бала да кейін соны қайталайтын болады. Біраз ер-азаматтарымызға сабақ болса екен".
"Мөлдір, қандай бақыттысыз", "Бақыт деген осы ғой. Отбасың аман, сүйген жарын бағалай білсе", "Мөлдір xаным, сіз бар жақсылыққа лайықтысыз", "Бір жастықта қартайып, бала-шағаның қызығын бірге тамашалаңыздар".
"Өте әсерлі видео", "Керемет", "Әйелді сыйласаң, осылай мәпелеп өту керек" деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Жұлдызды жұптың кенжесі Райымбек былтырғы жылы дүние есігін ашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804997-zbajyna-sebepsiz-bir-ksak-gl-syjlagan-trsynbek-kabatov-kpsilikti-sjsintti-video/

pixel