Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Белоснежка": Ересектерге арналған фильмдер және басқа да премьералар

Опубликовано:

Бүгін назарларыңызға өмірде болған шынайы оқиғаларға негізделген фильмдер тізімін ұсынамыз. Nurtv.kz ұсынған кинотуындылар тізімін тамашалауды ұмытпаңыздар.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Instagram

1. Мидуэй

Фильм 1942 жылы орын алған Тынық мұхитындағы Мидуэй үшін болған шайқас жайында болмақ.

Шайқаста Жапония жеңіліске ұшырап, теңізде соғыс жүргізу мүмкіндігінен айырылады.

2. Страшные истории для рассказа в темноте

Бір топ жас бірігіп, айналаны қорқынышқа толтырған өлімнің себебін анықтамақ болады. Ал өзінің туған қаласын жамандықтан құтқару үшін олар бойындағы қорқынышын жеңуі тиіс.

3. Маленькие секреты большой компании

Бір топ достар арада бірнеше жыл өткенде қайта бас қосып, Макс есімді достарын туған күнімен құттықтамақ болады. Олардың басындағы қызықтың барлығы осы сәттен басталады.

4. Белоснежка. Сказка для взрослых

Әкесінің өлімінен соң жас әрі сұлу Клэр Мод есімді өгей шешесінің қол астында жұмыс істеуді жалғастырады. Ал өгей шешенің көңілдесі жас қызға ғашық болғанда, Мод Клэрді өлтіруді жоспарлай бастайды. Клэр өгей анасынан қашып шығып, өзге фермада 7 жігітке жолығады.

5. Камуфляж и шпионаж

Супертыңшы Лэнс Стерлинг - өз ісінің шебері. Ол кез келген мекемеге кіріп, жауларын жеңе алады. Сондай-ақ, кез-келген әйелді өзіне ғашық етеді. Оның қызметінің басты құпиясы Уолтер жасап беретін түрлі гаджеттер.  

Алайда, тапқыр Уолтер тыңшыны бір күнде кептерге айналдырып жібереді. Бірақ бұған Лэнс мүлде дайын болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805547-belosnezka-eresekterge-arnalga-filmder-zne-baska-da-premeralar/

pixel